12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәрбие тоқтамайтын үрдіс…

«Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес.

Ой артынан ой туар, Желге мінсең жеткізбес»

АБАЙ

Жер жүзін жайлаған індеттің күшеюіне байланысты елімізде төтенша жағдай жарияланғаннан бері міне бір айдан асты. Қазіргі ақпарат заманында, әлемде болып жатқан төтенше оқиғаны көріп отырғанымыз жасырын емес. Нәтижесінде жұртшылық бірден түсіністік танытты. Дегенмен тіршілік жүріп жатыр. Ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, бірқатар ақындар әлеуметтік желілер арқылы халықты ауызбірлікке шақырып жатыр. Әрине, ел болып белгіленген тәртіпті сақтасақ, заңға бағынсақ бұл қиындықтан да шығамыз. Оған біздің халқымыздың білімі де, төзімі де, рухы да жетеді. Бірақ қандай жағдай болмасын бір заңдылық бар, ол — адам дамуы, әсіресе балалардың физиологиялық, психологиялық, рухани дамуы жүре беретін үрдіс. Осыған орай елімізде білім саласы – қашықтықтан оқыту форматына көшкені белгілі. Қазіргі таңда елімізде барлық білім беру саласы осы форматпен өтіп жатыр.

Осыған байланысты, бұл оқу жүйесінің де өзіндік ерекшеліктері көрініс беруде, әсересе жасөспірімдердің тәрбие мәселесіне. Себебі, білімалушының көкейінде карантин кезінде «немен айналысам?» деген сұрақ туындайды, санаға психологиялық салмақ түседі. Қазір барлық жағдай жасалған кітап оқып, неше түрлі видео көріп, медитация істеуге болады.

Біздер ұстаз ретінде, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына кіретін колледж оқытушылары ретінде қашықтан оқыту кезіндегі тәрбие жұмысына тоқталып отырмыз:

Біріншіден, карантин кезінде жаман ойға берілу және қорқынышқа салыну — ол бірден бір қате фактор. Қорыққан адамның иммунитеті түседі, сыртқы теріс әсерлерге өте сезімтал болып келеді. Сондықтан мамандардың кеңесін ескеріп, тек жақсы ой қалыптастыру қажет. Карантин кезіндегі білімалушының психологиялық тұрғыдан дайындығы, адам көп уақытын үйде өткізетінін білгендіктен, күнделікті жоспар құрып отыруы қажет. Яғни, күнделікті уақытының негізгі бөлігін оқу орнында өткізетін білімалушы, онлайын кезінде сабақтан тыс немен айналысуы керек? Ата – анасының (және үйдегі басқа да отбасы мүшелері бар) қасында болғандықтан, олармен үнемі ортақ тіл табысып, өзіңіз қызығушылық оятып жүрген дүниені одан ары ізденуге мүмкіндік жасау

Екіншіден, оқытушылардың сабақтан тыс берген тапсырмаларын топ білімалушыларымен бірігіп іске асыру, яғни онлайн жұмыс болғандықтан, интернет желісін барынша тиімді пайдалану.

Үшіншіден, кітап оқу. Бұрыннан оқуға мүмкіндік болмай жүрген кітабыңызды (көркем шығарма, ғылыми, мамандығыңызға байланысты, мемуар т.б.) міндетті түрде оқу. Әдетке айналдыру. Міндетті түрде тарих, әдебиет т.б. пәндерден сабақ беретін оқытушылардан кеңес алу. Қосымша, өзіңіздің рухани дүниеңізді кеңейту үшін қазақ және әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларын интернет арқылы тауып оқуды міндеттеу. Мәселен, https://kitap.kz/ онлайн платформасынан кез – келген ұлы шығарманы табуыңызға болады.

Төртіншіден, қол өнермен шұғылданыңыз, сурет салу немесе қайшы, қағаздармен неше түрлі зат жасаңыз. Мұның өзі образдық ойды дамытып, адамның ішкі дүниесінің дамуына, жаңа идеялардың тууына әкеледі. Қазір кез келген өнердің үйрену жолдары интернетте көрсетілген. Немесе өзіңізді бұрыннын қызықтырып жүрген өнерге баулыңыз – домбыра тарту сабағын қараңыз, би билеу, ән айту, шаш алу, қызықты математика, әртүрлы логикалық ойындарды көріңіз. Бұлардың бәрі уақытты өткізіп қана қоймай, сіздің тұлғаңызды жаңа қырынан ашады. Яғни, адам қолымен, көзімен жиі жұмыс жасаған сайын, соғұрлым ми қыртысы қарқынды дамиды.

Бесіншіден, өзіңіз білім алып жатқан мамандық бойынша (дәнекерлеуші, автокөлік слесарьі, пошта байланысы т.б.) интернет арқылы қажетті материалдарды іздеуді, үйренуді, оқуды жалғастыру. Өзіңіздің мамандығына байланысты ұлы жетістіктерге жеткен тұлғалардың өмір жолы мен принциптерін оқу немесе көру.

Алтыншыдан, кино немесе документалды фильмдер көру. Бірақ, қандай фильмдер көру керектігін ұстаздар мен ата – аналарыңызбен кеңесіңіз. Яғни, мотвация беретін фильмдер көріңіз. Тарихи, патриоттық, ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін фильмдерді көріңіз. Бұл сіздің тәлім – тәрбиеңізге тікелей әсер етеді.

Жетіншіден, әлемге саяхат жасаңыз. Виртуалды және иммерсивті технологияның дамуы мұржайларды үйде отырып та тамашалауға мүмкіндік берді. Видеоспектакль, балет және опера қойылымдарын онлайн көруге болады. Барлығы тегін.

Balbal.kz сайты виртуалды мұражайлар мен трансляцияланған опералардың сілтемесін назарыңызға ұсынады. Эрмитаж https://bit.ly/33nCpQg, Опера https://bit.ly/2TTSr1f; Вена операсы https://bit.ly/39OINlQ; Ван Гог мұражайы https://bit.ly/2TRdiSQ; Третьяков галереясы. https://artsandculture.google.com/%E2%80%A6/the-state-tretyakov-gal%E2%80%A6; Өнер тарихы мұражайы https://bit.ly/3d08Zfm; Уффици мұрағаты. https://www.uffizi.it/en/pages/digital-archives; Лувр. https://bit.ly/2WciGBi ; Мемлекеттік мұражай https://bit.ly/2IOQDjq; Прадо. https://www.museodelprado.es/; Ватикан мұражайы. http://www.vatican.va/various/cappelle/sistina_vr/index.html: Гуггенхайм https://www.guggenheim.org/collection-online; NASA. https://www.nasa.gov/co%E2%80%A6/ultra-high-definition-video-gallery; Смитсон мұражайы, https://www.si.edu/exhibitions/online; Краков Мұражайы. https://bit.ly/3d29dT0; Көркем өнер мұражайы. https://bit.ly/3d08L80; Нью-Йорк мұражайы. https://34travel.me/post/nyc-museums

Демек, «Әр қиындықтың, бір жақсылығы бар» дейді халқымыз. Осынау өтпелі қиыншылық кезеңді, өз мүмкіндігімізше жақсы жағынан паайдаланайық. Бұл да бізге берілген, өз ойымызды сарапқа салуға, өзімізді жаңа бір қырынан танытуға берілген мүмкінді деп қарастырайық!

Ыбырай Құрманғалиұлы Әзімханов

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі

Директордың тәрбе ісі жөніндегі орынбасаоры 

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.