12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нұржан ҚАРАБАЕВ, Алматы қаласы, Алатау аудандық сотының судьясы:»СУДЬЯ – «СӨЙЛЕЙТІН» ЗАҢ»

Нұржан Ерубайұлы, аудандық сотта қаралатын қылмыстық істердің үлесі қандай?
– Қылмыстық істер судьяларға автоматты түрде бөлінеді. Қазылардың істі таңдауына жол берілмейді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда судьяларға іс бөлуде тепе-теңдік сақталмайды. Алматы қаласындағы
аудандық соттардың бірінде бірнеше судья қылмыстық істі тым аз қараса, енді бір аудандағы судьялардың
жүктемесі тым көп. Бұл дұрыс емес. Сондықтан, осы мәселені оңтайландыру қажет. Әрине, нақты цифр міндеттеп, жоспарлау мүмкін емес. Бірақ, тепе-теңдікті қалыптастырып, жүзеге асыруға болады. Құқықтық мемлекет болғандықтан бұл тұрғыда да заңнама азаматтар құқығын қорғауға жұмыс істегені дұрыс.
– Сіз Алматы қалалық сотында Сот әкімшісі және бірқатар аудандық соттарда төраға лауазымын атқардыңыз. Тәжірибелі маман ретінде аудандық сот судьяларының жұмысына қандай өзгеріс қажет деп санайсыз?
– Жеке пікірім бойынша Алматы қаласындағы аудандық сот судьяларында қылмыстық істерді қарау барысында еш қиындық жоқ. Статистикалық мәліметке жүгінсек, оңтүстік мегаполистегі сегіз ауданда сот төрағаларын қосқанда қылмыстық істерді қарайтын 40 судья бар. Сондықтан сізбен сұхбаттасу мүмкіндігін пайдалана отырып, Алматы қаласында жалпы қылмыстық істерді қарайтын бір ғана ауданаралық сот ашып, судьялардың барлығын бір мекемеге жинау мәселесін республикалық «Заң газеті» арқылы көтерсем деймін.
– Оның қандай тиімділігі бар?
– Біріншіден, мемлекеттік қаржыға үлкен үнем болады, екіншіден, бір ғана Алматы қаласы бойынша аумақтық
соттылығын анықтау мәселесіне нүкте қойылады. Үшіншіден, қылмыстық істер қарайтын судьяларға істерді
бөлу және қарау мәселесі шешіледі. Төртіншіден, Алматы қаласы бойынша қылмыстық істерді қараудағы бір тектес сот тәжірибесін қолдануға толықтай мүмкіндік береді. Бесіншіден, сот билігіне оңтайлы әрі тиімділігімен жақсы пайдасын келтіреді. Алтын шыдан, қаралатын қылмыстық істер бойынша айыпталушыларды бір мекемеге алып келу, әкету мәселесі түбегейлі шешіледі.
– Бұл сегіз аудандық сот төрағасын қысқартуға әкелмей ме?
– Сот төрағалары аудандарда судья болып та есептеледі. Қатардағы судья болып барлығы бірдей қылмыстық істер қарар еді. Одан пайда болмаса, шығын болмайды. Мұндай пікірге менің әріптестерімнің көпшілігі қосылатынына сенемін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының судьялардың алдына қойған міндеті: «Мінсіз судья, Үлгілі сот, Әділ процесс, Ақылды сот, Сапа» нәтижесін көрсетеді деген ойдамын.
– Қалыптасқан жүйеге өзгерту енгізу оңай емес. Егер сіз ұсынғандай ауданаралық бір сот ашқан жағдайда оны орналастыру мәселесін қалай шешуге болады?
– Бұл мәселені шешу үшін Алматы қалалық сотының ғимаратын ауыстыру қажет. Қалалық соттың биыл
қыркүйек айында жаңа ғимаратқа ауысатыны айтылған еді. Жаңа сотты сол ғимаратқа ауыстыруға мүмкіндік бар. Жалпы байқасаңыз сот ғимараттары аудандарда бұрынғы балабақшалардан босаған ғимараттарда
орналасқан. Демек, енді босаған ғимараттарды қалалық әкімшілікке өткізіп, сол аудандардағы балабақша
мәселесін шешуге жол ашылады. Немесе, сол орындарда судьяларға тұрғын үй салу мәселесін шешуге
болады.
– Бұған дейін әкімшілік істер қарайтын сотқа төрағалық еткеніңізден хабардармыз. Енді қылмыстық
істерді таразылап жатыр екенсіз. Бұл қиындық тудырмай ма?
– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2017 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы, Алатау аудандық сотының судьялық лауазымына ауысып, жұмыс істеудемін. Әрине, әкімшілік істерден кейін қылмыстық іс қарау қиындық туғызбай қоймайды. Алайда, заңдарды қайталап оқып, кәсіби біліктілігімді арттырып, толықтырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және апелляциялық тәртіптегі Алматы қалалық сотының қылмыстық істер қарайтын алқасының қаулыларымен танысып, қылмыстық істерді қарау тәртібін айқындап, әріптестерімнің қатарынан қалмай келемін.
– Іс қарағанда қаншалықты қаталсыз?

– Судья – «сөйлейтін» заң. Сондықтан, қазының эмоцияның ырғағымен кетуге қақысы жоқ. Біздің сүйенеріміз тек – заң! Әрине, сотталушының айыбын жеңілдететін мән-жайларға көңіл бөлеміз. Бірақ, мұны судьяның қаталдығы немесе көңілшектігі ретінде бағаламау керек. Егер айыпталушы бірнеше рет ауыр қылмыс жасап, онысы аздай жәбірленушімен татуласпаса оған ауырлау жаза тағайындалуы тиіс. Ал, орташа дәрежедегі немесе ауырлығы жеңіл дәрежедегі қылмысты жасаған жағдайда оған да тиісті жаза қолдану қажет. Бірақ, әр
қылмысты салыстыру мүмкін емес. Әрқайсысын жеке қарап, заңды дұрыс қолданып, тиісті жазасын
тағайындау қажет.
– Қылмыстық істер барысында медиациялық келісімге келетіндер көп пе?
– Әрине, қазіргі уақытта тараптардың өзара медиациялық келісімге келуіне байланысты қылмыстық істер
сот өндірісінен қысқартылып, тоқтатылуда. Мұндай келісімдер тараптарға да, сотқа да тиімді және пайдалы. 2018 жылы сот өндірісінде 160 айыпталушыға қатысты 153 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде менің
өндірісімдегі 36 қылмыстық іс бойынша сотталушы мен жәбірленуші арасында медиациялық шарт жасалып,
тараптар бір-бірімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-тармағы бойынша қысқартылды. Ал, ағымдағы жылы 238 айыпталушыға қатысты 220 қылмыстық іс қаралып,
оның ішінде менің өндірісімдегі 107 қылмыстық іс медиациямен қысқартылды.
– Уақыт тауып ой бөліскеніңізге рақмет!
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Заң газеті» 

[ratings]

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...