12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ОБЛЫСТЫҚ СОТТАРДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

Жамбыл об­лыс­тық соты мен Батыс Қазақ­стан облыстық со­тын­­да төр­аға­лар ауыс­ты. Бұған де­йін Қазақстан Рес­публикасы Әскери со­ты­ның азамат­тық істер жөніндегі сот алқасының төр­аға­сы қызметін атқарған Ербол
Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жамбыл облысының судьялар ұжымына жаңа төрағаны таныстырды. Бұл ісшараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Рүстем Мырзакәрім, өңір судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және адвокаттар қатысты.

Ал, Жоғарғы Соттың Қыл­мыстық істер жөнін­де­гі сот алқасы­ның төрағасы Әбдірә­шид Жүкенов Батыс Қазақстан облыстық соты­ның жаңадан тағайындалған төрағасы Рүстем Мырзакәрімді өңір­дегі судьялар кор­пусына таныстырды. Кездесуге өңір әкімі Ғали Есқа­лиев, судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. М.Таймерденов пен Ә.Жүкенов жаңа төрағалар жұмысына табыс тілеп, сот істерін сапалы жүзеге асыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту жолында өздерінің кәсіби және көпжылдық жұмыс тәжірибелерін жүзеге асыратынына сенім білдірді. Жаңа қызметке кіріскен қос төрағаның жұмысына сәттілік тілейміз.
«Заң газеті»

[ratings]

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...