Қарағандыдағы көпқабатты үйде шыққан жарылыстан бір адам зардап шекті

Қарағандыдағы көпқабатты үйде шыққан жарылыс пен өрт кезінде бір адам зардап шекті. Ол 8-қабаттан құлағаннан кейін көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оның неге секіріп кеткені әлі белгісіз, себебі анықталып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марат Қатпановтың айтуынша, төтенше жағдайдың алдын ала себебі — газ баллоны жарылуы.

Сондай-ақ, көпқабатты үйдің тұрғындары туыстарына, жатақхана мен қонақүйге тұрақтағаны белгілі болды. Үйдің жылумен жабдықтау жүйесінен ақау шықпаған. Әзірге тек электр қуаты жоқ. Ғимарат тексеріледі.

«Барлық 126 пәтердің тұрғыны эвакуацияланды. Қазір жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қазір үйде электр қуаты жоқ. Бірақ жылу бар. Жақын арада үй тексеріліп, тұрғындарды қайтару жөнінде шешім қабылдаймыз. Пәтерлерге оралғысы келетіндер қайтып келеді. Қазір жеті пәтердің тұрғыны университет жатақханасында. Жылыту пункттеріндегі адамдардың бір бөлігі, яғни екі автобус — вахтамен жұмыс істейтіндер. Сонымен қатар, автобустарда ыстық тамақ ұйымдастырылған. Төменгі жеті пәтер ғана зардап шекті. Жоғарыды да, төменді де өрт шарпыған жоқ», — деді Қарағанды әкімі міндетін атқарушы Мейрам Кожухов.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...