Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза болған сарбаздарының отбасына 7 миллион теңгеден берілді

Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздары марапатталды, олардың отбасына 7 миллион теңгеден берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған мен Қызылордада тәртіпсіздіктер кезінде Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаза болғаны айтылды.

«Президент жарлығы бойынша, қарағандылық Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері атынан қаза тапқан сарбазардың туыстарына 7 миллион теңгеден берілген.

Айбат Аманов 2003 жылы Атасу ауылында дүниеге келген, Ұлттық ұлан қатарында Талдықорған қаласындағы әскери бөлімде қызмет еткен.

Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген, Ұлттық ұлан қатарында Қызылорда қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет еткен.

Зардап шеккендер отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...