12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қарағанды облысында ондаған көпқабатты үй мен мектептер жылусыз қалды

Қарағанды облысының Абай қаласында ондаған көпқабатты үй мен мектептерде жылу жоқ. 30 мыңға жуық халықтың тең жартысы пәтерлерінде жылытқыштармен отырса, мектеп мұғалімдері балаларға жылы көрпе сұратып жатыр. Ал жергілікті әкімдік ыстық судың берілуі 90 градустан жоғары екенін айтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Абайлықтардың айтуынша, пәтерлердегі температура Цельсий бойынша 12-15 градусқа дейін әрең көтеріледі, батареялары салқын.

«Желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басына дейін осылай жалғасса екінші Екібастұз болады. Немесе үйлер ылғалдан опырылып қалады», — дейді қала тұрғындары.

Телеарна мәліметінше, қаланы жылытатын Топар ГРЭС-інің жылу беруі жақсы. Жеткізуі 90 градус. Дегенмен, бәрі пәтерлерге жете бермейді.

«Себебі ыстық су айналмай тұр, циркуляция жоқ. Жылу орталығы ыстық суды айналдырып бере алмай отыр. Оны айналдыратын насостары жоқ немесе күші нашар деген сөз», — дейді Надежда Медведева.

Абай әкімдігі сорғыларды қайта жаңғыртып, желілерді ауыстыру үшін 20 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет екенін мәлімдеді. Өткен жылы олар үш миллиардқа жуық ақша сұраған, бірақ бөлінбеген.

«ГРЭС Топар кентінде орналасқан. Бізге 22 шақырым арақашықтығы бар. Қатты жел болғанда ГРЭС-тен шыққан температура Абайға жеткенше бір 20 градустай жоғалады. Қолымызда 2 миллиард 800 миллион теңгеге арналған құжатымыз бар, Абай БАМ насосный станциясынан Абай станциясы аралығындағы жылу құбырын ауыстыру бойынша. Оған былтыр облыстық басқармаға өтінім берілген. Бірақ жауап болмады. Биыл тағы да сол өтінімді беріп отырмыз», — деді Абайдың әкімі Медеу Әметов.

Тұрғындар қалаға жылу берілгенін жоққа шығармайды, бірақ жылудың қызуы жоқ. Қалада барлық проблемалық нүктелерді тексеретін арнайы комиссия құрылды.

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...

АКЦЕНТ – НА ОПЕРЕЖАЮЩИЕ ПОДХОДЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕМ ПРАВИТЕЛЬСТВА №1117 ОТ 19 ДЕКАБРЯ 2025 ГОДА В...

ПОЧЕМУ МЫ БОЛЬШЕ НЕ ЧУВСТВУЕМ ПРАЗДНИКИ?

ПРАЗДНИК РЕДКО ОПРЕДЕЛЯЕТСЯ ВНЕШНИМИ АТРИБУТАМИ, ХОТЯ ИМЕННО ОНИ ЧАЩЕ...

ОБ ОБРАЗОВАНИИ И КУЛЬТУРНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ

5 января 2026 года Президент Республики Казахстан Касым -Жомарт...

СТРАТЕГИЯ: КУРС В ЭПОХУ ИИ

Объявление 2026 года Годом развития цифровизации и искусственного интеллекта...