Қарақалпақстанда коменданттық сағат қысқартылды

Қарақалпақстандағы жағдайдың тұрақтануына байланысты Өзбекстан президенті республикадағы төтенше жағдай режимін жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Шавкат Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

«Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайдың тұрақтануына байланысты Өзбекстан Президенті Қарақалпақстан территориясында енгізілген төтенше жағдайды жеңілдетіп, комендаттық сағатты 23-тен таңғы 7-ге дейін деп өзгертті”, – делінген ақпаратта.

Өзбекстан басшысы тиісті жарлыққа қол қойып, жарлық мәжіліс палаталарының бекітуіне жіберілді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нүкүске келіп, Қарақалпақстанда автономияны сақтап қалуды ұсынды. Ол сондай-ақ 2 тамызға дейін Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді.

Жұма күні Қарақалпақстан автономиялық республикасында автономия аймағының айырылып қалу қаупі мен Өзбекстаннан шығу құқығына байланысты толқулар басталды. Кейін Нүкүстегі тәртіпті полиция күшімен орнатқаны белгілі болды. Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанда қылмыстық топтың мемлекеттік билік органдарын басып алу әрекеті тоқтатылғанын хабарлады.

Қарақалпақстандағы толқулар кезінде Ташкенттің мәліметі бойынша 18 адам қаза тапты: оның ішінде 14 бейбіт тұрғын және 4 қауіпсіздік қызметкері бар. Алайда бейресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар әлдеқайда көп, жараланғандар саны жүзден асады. Қарақалпақстанда наразылықтар басталғаннан кейін интернетке кіруге шектеу қойылды, өзбек оппозиционерлерінің айтуынша, жаппай қуғын-сүргін жүріп жатыр.

2 миллионға жуық халқы бар Қарақалпақстан автономиялық республикасы Өзбекстанның солтүстік-батысында орналасқан. 1990 жылдары елдің референдум негізінде шығу құқығымен және екі тілде – қарақалпақ және өзбек тілдерінде Өзбекстан құрамына егеменді республика ретінде кіруі туралы шартқа қол қойылған.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...