Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай мен коменданттық сағат енгізілді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы 2 шілдеде кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.

Бұл «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында» жасалды.

ТЖ кезінде республикада 21.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Комендатураның басшысы болып Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды. Қарақалпақстанға кіруге және одан шығуға шектеу қойылды, бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық гвардиясының Telegram-арнасында хабарланды.

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...