«АРҚАНЫҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» ДӘРІС-КОНЦЕРТІ

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Республика күнін мерекелеу аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәріс-концерт кешіне шақырамыз.

Қазақтың киелі қара домбырасы мен қобыз үнімен айтылатын дәстүрлі әндер легі сонау ықылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Бұдан бөлек жетіген, сыбызғы, шертер және адырна аспаптарымен айту өнері дәстүрлі ән-күй мектебінде кеңінен қалыптасқаны белгілі. Атақты Біржан сал мен Ақан сері, Майра Уәлиқызы, Шашубай сынды біртуар өнерпаздардың есімі Арқаның дәстүрлі өнер мектебімен тығыз байланысты. Заман талабына сай дәстүрлі ән өнері қазір де насихатталып, жан-жақты даму кезеңіне өтті.

Концерттік іс-шараның мақсаты – Арқаның дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, музыкалық және поэзиялық бағыттың ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады. Арқа өңірінің сал-серілері мен күйшілердің туындыларын концерттік ұжымның «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары орындайды.

Іс-шараға белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, ҚР Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құмарбек Қалқатай, Клара Төленбаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Айтбаев және Перизат Тұрарова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Айзат Қарабек, «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері Ардақ Елеусіз, Асқар Мұқият пен республикалық байқаулардың лауреаты Аман Сәдуов қатысады.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!

Өтетін күні мен уақыты: 11 қазан, 19.00
Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...