АҚШ-тағы елшілік қазақстандықтарға ереже қатаңдағанын ескертті

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі шекаралардың қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды қысқартуға бағытталған АҚШ-тың көші-қон саясаты қатаңдауына байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дипломатиялық өкілдік Америка Құрама Штаттарында жүрген қазақстандықтарды Америка билігінің талаптарын сақтауға шақырды.

«АҚШ аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары! Америка билігі қабылдаған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (елге жарамды визасыз және грин картасыз келген адамдар) және Америка Құрама Штаттарында жүрген заңсыз мигранттарға қатысты. АҚШ-қа қайта кіруді шектеу арқылы елден шығару, қамауға алу сияқты мәжбүрлеу шараларымен қатар, әлеуметтік төлемдер, жұмысқа рұқсат беру құжаттары және басқа да жеңілдіктер жойылады», — деп жазылған хабарламада.

Елшіліктің баспасөз қызметі мәліметінше, америкалық билік қабылдаған шаралар ең алдымен елде заңсыз жүрген шетелдік азаматтарға қатысты болмақ.

«АҚШ билігі елде болуға заңды құжаттары жоқ шетелдік азаматтарға (жарамды виза, тұруға рұқсат (грин карта) және басқа құжаттары болмауы) АҚШ аумағынан өз еркімен кетуге мүмкіндік береді. Бұл шара азаматтарға елден мәжбүрлеп шығарып жіберуден және АҚШ визасын қайта беру кезінде кіруге тыйым салудан аулақ болуға мүмкіндік береді», — деп нақтылады елшілік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін мигранттарға қарсы рейдтер басталатыны хабарланды. 

Алғашқы рейдтер Чикагода, кейін Нью-Йоркте, Лос-Анджелесте, Денверде және Майамиде өтетіні айтылды. Бұрын қылмыс жасаған адамдарға ерекше назар аударылмақ. Бұған АҚШ иммиграциялық және кедендік бақылауының 200-ге жуық қызметкері қатысады.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.