АҚШ Қазақстаннан жалға алғысы келетін Алматыдағы учаске қай жерде?

Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы АҚШ-қа жалға берілмек жер учаскесін барып көрді.

Жобалық келісімге сәйкес, Қазақстан үкіметі АҚШ-қа 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға береді. Учаске Горный гигант ықшамауданында (Жамакаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Алдар Көсе көшелерінің шаршысында) орналасқан.

Қазіргі уақытта бұл жер жолдардағы қар мен топырақты төгуге арналған бос учаске ретінде пайдаланылып келеді.

Жер учаскесінің бір бөлігі металл қоршаумен қоршалған.

Учаскенің шығыс бөлігінде шағын футбол алаңы бар. Консулдық ғимарат құрылысы басталған жағдайда оның тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін жарияланған келісім жобасына сәйкес, 49 жылдық бастапқы жалдау мерзімі мен одан кейінгі 49 жылдық жалдау мерзімдерін ұзарту (жалпы ұзақтығына шектеу қойылмаған) үшін төленетін жалдау ақысы 25 миллион 301 мың 16 доллар болады. Бұл сома келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлем ретінде төленеді.

Айта кетейік, АҚШ-пен келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарауға алған. Екі ел арасындағы келісімге 2024 жылы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.