12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АҚМОЛАДА АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Көктемгі су тасқыны көпшілікті әуреге салғаны белгілі. «Орнында бар оңалар» демекші, жапа шеккен халықтың талап-тілегі біртіндеп орындалып келеді. Қазір еліміздегі тасқыннан баспанасынан айырылып, мүлкіне залал келгендердің қуанышы күн сайын еселеп өсуде. Өйткені мемлекет тарапынан қолдау болып, оларға өтемақы төленіп, тұрғын үйінен айырылған отбасыларға жаңа баспана кілті табысталып жатыр.

Қосшылықтардың қуанышы

Мұндай игі іс Ақмола облысында да жалғасып отыр. Облыс орталығы мен Зеренді ауданындағы отбасылар жайлы үйлерден пәтер алып үлгерді. Ал Астана күні қарсаңында өңірге қарасты Қосшы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 20 отбасы, яғни ҰОС ардагеріне, көп балалы аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға «Dream Park» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер берілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы барған. «Бүгінгі іс-шара – Мемлекет басшысының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатының айқын көрсеткіші және нақты жүзеге асырылуының көрінісі. Өз шаңырағыңда өмір сүру – әр отбасы үшін үлкен мереке. Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Тек кейінгі жылдары облыста тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, шамамен 12 мың ақмолалық отбасы баспана мәселесін шеше алды», – деді облыс әкімі. Қосшы қаласынан пәтер алғандар қатарында жас тұрғындар Максим Муштаенко мен Владимир Глазков та бар. Жалпы, Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері 267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2384 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік туды. Ал облыс әкімінің тапсырмасымен жыл соңына дейін Қосшыда тағы 100-ге жуық пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұл көп балалы отбасылардың, ата-ана қомқорлығынсыз қалған балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттағы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Білім нысандарының құрылысы бақылауда

Айтпақшы, дәл осы Қосшыда 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталып қалды. Қазір нысан аумағын абаттандыру жүргізілуде. Сондай-ақ дәл осындай білім ошағы Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында да салынып жатыр. «Жайлы мектеп» жобасымен тұрғызылып жатқан мектеп құрылысының қарқыны қуантып-ақ тұр. Мердігер мекеменің өкілі Әділхан Әбілдиннің айтуынша, жоба қызу жүріп жатыр. «Ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары, нысан сыртын қаптау, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ инженерлік желілер жүргізілуде. Мектепке қажетті барлық жабдық пен басқа да бірқатар материалдарды жеткізу бойынша келісім жұмыстары уақытылы атқарылады», – дейді ол. Құрылыс басына әдейілеп барған аймақ басшысы балаларға сапалы білім беруде құрылыс жұмыстарының талапқа сай болуы маңызды екеніне тоқталды. «Біз заманауи техникалық жабдықталған оқу орындарын салуымыз керек. Яғни балаларымыз осындай жақсы жағдайда оқығанын қалаймыз. Ең бастысы, құрылыстың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және барлық нысандарды өз уақытында тапсырылуын бақылауда ұстау маңызды. Облыстық білім басқармасы және аудандық әкімдік мектептерді кәсіби педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіп, балалардың дұрыс дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауы қажет», – деді М.Ахметжанов.

Жыл соңына дейін 900 пәтер берілмек

Баспанаға қатысты жарқын жобалар облыс орталығында да жалғасып жатыр. Мұндағы басты мақсат – үйлері тұруға жарамсыз болып қалған барлық азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Мысалы, кейінгі екі айда мұнда 90-ға жуық отбасы жаңа пәтер алған. Ал елорда күні қарсаңында Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы және 26 көп балалы анаға баспана кілтін табыстау рәсімі өтті. «Бүгін Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Әр тұрғын пәтерді өзі таңдады. Қысқа мерзім ішінде үлкен жұмыс атқарылғанын айтуымыз керек. Біз «Асар Ақмола» қоғамдық қорына, еріктілерге, қоғам қайраткерлеріне, депутаттық корпус пен бұқаралық ақпарат өкілдеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз», – деді Марат Ахметжанов. Жаңа қоныстанушылар қатарындағы Леонид Андреев осы айтулы күннің өз отбасы үшін ең бақытты сәт екенін айтып өтті. «Менің отбасым жалғыз баспанасынан айырылған кезде, одан әрі қарай не болар екен деп қатты уайымдадық. Алайда өмірден қымбат ештеңе жоқ екенін түсіне білдік. Біз жаңа баспанамызды көрдік, бәрі де ұнады. Президентімізге, облыс басшылығына шын ризашылығымызды білдіреміз», – дейді Леонид Андреев. Айта кетейік, бүгінде Ақмолада су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Екіншіден, зардап шеккен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек төленуде. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Қазір 554 отбасыға төлем жүргізілген. Үйлері апатты деп танылған 211 отбасыға 2,2 млрд теңгеге пәтер сатып алынған. Сонымен қатар, өңірде салынуы тиіс нысандарды қауіпсіз аймақтарға орналастыру бойынша жұмыстар да жүргізіле бермек. Ол үшін Атбасар қаласында екі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тағы 100 пәтерлі үйдің құрылысы басталған. Сонымен қатар, Бұландыда 56, Жарқайыңда 30 және Есіл ауданында 21 үй тұрғызылуда. Қуаныштысы, Президенттің халықтың әлеуметтік осал топтары үшін дайын тұрғын үйді сатып алу жөніндегі бастамасын іске асыру бойынша Ақмолада үлкен жұмыс жүргізілуде. Өңірде жыл соңына дейін 900 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ «ИНТЕГРА КОНТРАКШН KZ» құрылыс компаниясы Көкшетауда бұзылған апатты тұрғын үйдің орнына төрт қабатты үйдің құрылысын бастады. Қылшақты өзенін тазарту бойынша мердігерлік ұйыммен келіссөз жүргізіліп, «Қазцинк» ЖШС Қопа көлі бойында жол салу және жағалау жобасын жүзеге асыруда. «Алтыналмас» компаниясы 2 мың орындық жаңа заманауи стадион жобасын қолға алса, «ВИАМЕДИС» ЖШС Қосшы қаласында 1 мың келушіге арналған емханасы бар көпбейінді өңірлік аурухана салмақ. Ал биыл қайта су басудың алдын алу мақсатында көптеген өзен арналары қайта тазаланып, нығайтылатын болады. Шлюздерді орнату бойынша жобалар әзірленіп, елді мекендерде айналма каналдар салынады.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Теологи УИС прошли курсы повышения

Теологи учреждений Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской...

Ветераны акмолинского ДУИС встретились с сотрудниками Департамента

В ходе встречи ветераны УИС рассказывали о службе в...