«AQNIET» ҚҚ теологы елордалық изоляторда кездесу өткізді

Бүгін, 2023 жылғы 30 маусымда Астана қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесінде «AQNIET» қоғамдық қоры теологының мекеме қызметкерлерімен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында қоғамдық қордың өкілі экстремизм және терроризм идеологиясы бар адамдарды дерадикализациялау мәселелері бойынша психологиялық қызметтің ерекшелігі мен қоғамдық маңызы туралы Қор жұмысының әдістемелерін жеткізді. Бұл кездесулер өте пайдалы, өйткені алынған ақпарат қызметтік қызметте дұрыс және нақты пайдаланылатын болады. Мекеме қызметкерлерінің сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жөніндегі дұрыс және сауатты ұйымдастырылған жұмысы қоғамда босатылғаннан кейін олардың одан әрі әлеуметтік бейімделуіне, әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қалпына келтіруге немесе құруға, жұмысқа орналасуға, қылмыстық субмәдениеттен бас тартуға және қалыпты әлеуметтік ортаға енуіне ықпал етеді.

Кездесу соңында «AQNIET» ҚҚ өкілі бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандармен жұмыс істеу үшін мекемелердің психологтары мен теологтарына арналған Құран кітабын сыйлады.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...