12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«AQMOLA INVEST» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, «Aqmola INVEST» орталығын құру өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Инвесторлармен өзара іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді алу «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін одан әрі қалыптастыруға мүмкіндік береді. Онда қазірдің өзінде жалпы сомасы 76 млрд теңгенің инвестициялық жобасын іске асыру туралы бірқатар келісімге қол қойылған. Мәселен, мажарстандық globalia LTD компаниясы Аршалы ауданында көміртекті егіншілік негізінде ауыл шаруашылығы технологиялық паркін құруға ниет білдіріп отыр. Ал қытайлық «Beijing Ruiheyuan Construction Engineering Co.Ltd.» компаниясы Ақмола облысында ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысына инвестиция салмақ.

Облыс басшысы ақпан айында бизнес қауымдастық өкілдерімен кездескен кезде: «Мемлекет басшысы жаңа Үкіметтің алдына 2029 жылға қарай ұлттық экономиканы екі есе арттыруға бағытталған мақсат қойды. Бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау. Біз кез келген инвестициялық жобаны қолдауға дайынбыз және Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағын құрдық. «Aqmola INVEST» инвестицияларды дамыту орталығын іске қостық, ол кеңейтілетін болады», – деген еді. Бүгінгі дейін орталық алаңында пилоттық режимде 23 кездесу өткізілді. Оның 13-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен болды. Марат Ахметжановтың сөзіне қарағанда, Аршалы ауданында құрылған республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы болашақта озық өндірістік алаңға айналады. Онда, мысалы, ZhasTol-Stroy кәсіпорны автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Ақмола облысындағы бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтамаға көз жүгіртер болсақ, 1 мамырдағы жағдай бойынша, Ақмола облысында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 63,169 мың бірлікті құрады. Олардың 9354-і – шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, 42 397-сі – жеке кәсіпкерлер, 6825-і – шаруа қожалықтары. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ШОК субъектілерінен 60,715 млрд теңге салық төлемі түсті. Сондай-ақ оларда 2571 жаңа жұмыс орны құрылды. Алғашқы тоқсанда ШОК 34,9 млрд теңгеге кредит берілді. Бұл – берілген кредиттің жалпы көлемінің 28,5 пайызы. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында 31,7%, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында 2,0% құрайды. «Қарапайым заттар экономикасы» портфелі 56,29 млрд теңгеге өңдеуші өнеркәсіптің, АӨК саласының және қызметтердің мақұлданған және қаржыландырылған 267 жобасынан тұрады. Өңдеу өнеркәсібінде 36,49 млрд теңге сомасына 46 жоба, ауыл шаруашылығында 14,5 млрд теңге сомасына 210 жоба, қызмет көрсету саласында 5,3 млрд теңге сомасына 11 жоба мақұлданды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

 «Халықаралық Нельсон Мандела»  күніне орай жазалы жасөпірімдерге дәріс өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Конкурс лучшей психологической стенгазеты прошел в колонии смешанной безопасности г. Семей

В колонии смешанной безопасности г. Семей среди осужденных отбывающих...

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...