Аптап ыстық – синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде 40 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С ыстық болды.

Қазақстанның басым бөлігінде, республиканың батысын санамағанда, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Температуралық фон салыстырмалы түрде төмен болады: күндіз +15+23°С, елдің шығысында және оңтүстік-шығысында +20+28°С. Республиканың солтүстік-батыс бөлігінде түнде ауа температурасы төмендейді. «Қазгидромет» РМК

Маусым айының бірінші онкүндігінің ортасына қарай республиканың барлық аумағында дерлік күн ыси түседі.

Синоптиктердің болжауынша, термометр +28+36°С-қа дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысында және оңтүстігінде кей күндері +40°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында алдымен еліміздің батысында, кейін қалған бөлігінде аптап ыстық басылады.

Маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде қысқа жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, шаңды дауылдар ыстық және тұрақты ауа райына ауысады. «Қазгидромет» РМК

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5…+13°С-тан +15…+22°С-қа дейін, күндіз +18…+25°С-тан +28… +36°С-қа дейін ысиды.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +10…+16°С-тан +18…+26°С-қа дейін, күндіз +25…+30°С-тан +33+42°С-қа дейін көтеріледі.

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...