Аптап: қазақстандықтарға төтенше өрт қаупі туралы ескертілді

Қазақстандықтарға төтенше өрт қаупі туралы ескертілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 20 маусымда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

Елдің батысында, шығысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында — бұршақ, оңтүстігінде — дауыл (жел кенеттен және қысқа мерзімге күшейеді, бағыты күрт өзгереді). Бүкіл елде жел күшейеді деп күтіледі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысы, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы, облыстың солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды қаласының орталығында, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысында, оңтүстік-батыста, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Алматының солтүстік жартысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағанды ​​облыстарында және Абай обылысы, Жетісуда облысының шығысында аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.