Қанжығада 4 алтын: «Страндж кубогында» Қазақстан қандай нәтижесі көрсетті

Болгарияның София қаласында өткен «Страндж кубогы – 2022» сайысы өз мәресіне жетті. Әлемнің кіші чемпионаты деп аталатын бокс жарысына қатысқан Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп, топтық есепте 3-орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Страндж кубогында» қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль жеңді. 6 алтынмен Өзбекстан бірінші орынға тоқталса, екінші орынға 5 алтынмен Ресей орналасты. 

Ерлер құрамасында 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан және 86 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай алтын медаль жеңді. Ал Дамир Әбдіқадыр (51 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келі) күміс медаль иегері атанды. Сонымен қатар Санжар Ташкенбай (48 келі), Тимур Қабдешов (51 келі), Абзал Серік (63,5 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Нұрлан Сапарбай (+92 келі) елімізге қола медаль әкелді. 

Қыздар құрамасында 50 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай мен 70 келі салмақта Валентина Хальзова алтын медаль жеңді. 54 келіде Дина Жоламан мен +81 келі салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаева күміс медаль иеленді. Қола медаль жеңгендер қатарында Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шакимова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) пен Анастасия Баязитова (81 келі) бар. 

Айта кетейік, 26 ақпанда отандасымыз Қанат Ислам өз мансабында алғаш рет жеңіліске ұшыраған еді. 10 раунд нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті қарсыласы Джеймс Келлиденге берген. 

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...