AntiParaCraft – Cтуденттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен 2-курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сайыс өтті.

Сайыс мақсаты жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, құндылық көзқарастарын, парасаттылық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың түрлі аспектілеріне қатысты кең ауқымды міндеттер қойылды. Команда қатысушылары бейнероликтерді таныстырды, онда жария етілген проблемалар көрініс тапты, сыбайлас жемқорлыққа қатысты ой-пікірлер мен көзқарастар білдірілді.

Сайысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Превенция басқармасының басшысы М.Сейтжаппар, аталған университеттің комплаенс-офицері Ә.Жаппасбаев және  заң ғылымдарының докторы Е.Алтаев қазылық етті.

Аталған іс-шара оқу орындарының қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де дәріптейді.

Ойын соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, әр сайыскерге алғыс хат табыстады.

Мемлекеттік тіл – құқықтық мәдениеттің кепілі

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік тіл....

РЕСМИ ОРТАДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ АРТУЫ ТИІС

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тіл мәселесі қоғамдағы өзекті тақырыптардың...

Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы

2026 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот...

Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың...