12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аналар қоғамның қамқорлығын сезіне алып отыр ма?

«Қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, әйелді отбасының «алтын қазығына» балаған, жұмақты ананың табанының астынан іздеген қазақ халқының нәзік жандыларға деген құрметі талапқа сай ма? Гендерлік теңдіктен ұттық па, ұтылдық па? Жалпы әйелдер құқығының қорғалуына көңіліңіз тола ма?

Ғалия Қайдауылқызы, этнограф:

  • Ата заңымызда еліміздің әрбір азаматы жасына, жынысына, ұлтына қарамастан тең құқылы екені жазылған. Ал отбасындағы ер мен әйелдің теңдігі қалай көрініс тауып жатыр? Мәселе осында. Қазір діни ұстанымдарына қарай, әйелдің санасын улап, екінші, үшінші әйел болуға көндіріп, тағдырдың тәлкегімен талақ айтып тастап кетіп жатқан жайттарды құлағымыз шалып қалғанда қынжыламыз. Демек қазақ қоғамындағы қазақ әйелі әлі де болса қорғансыз, құқықтық сауаты төмен. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруымыз керек.

Әлем елдері әйелдің қоғамдағы белсенділігін арттыру жолында көптеген заң қабылдап, түрлі бастамалар көтеріп келеді. Нәзік жандылардың білім алуы, жұмыс істеп, ел өміріне араласуы, көзқарасын ашық білдіріп, қоғамның белді мүшесіне айналуы әр салада жетістіктерге жетелеуде. Біз негізі осы бағытты ұстанып отырсақ адаспаймыз. «Әйелдің орны – отбасы, ошақ қасы» деген сынды рухани кедергілер әлі де бар. Отбасындағы теңдік бірінші сол әулеттегі әйелге көрсетілетін құрмет, сыйластықтан басталуы тиіс. Өкінішке қарай, көптеген отбасында әйелдің көзқарасымен, ойымен санаспайды. Ер азаматтардан психологиялық зәбір көретін келіншектердің саны да баршылық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша көрсеткіштің жоғары тұруы осының айғағы. Негізі әйелдің бақытына көп нәрсе байланысты. Отбасындағы теңдіктің тағы бір алғышарты – жылы сөз айту. Әйелдің беделін көтеру. Жанұяда анасына айтылған жылы сөз, мақтау-мадақтауды көріп өскен баланың да мінезі ашық, жайдары болады. Ұл бала болашақта әйелін сыйлауды, құрметтеуді  үйренсе, қыз бала бойына сенімділік, сұлулық, ізгілік сынды асыл қасиеттерді жинайды. Жақсы сөз жан семіртеді дейміз. Әйелдерімізге, аналарымызға айтылған әрбір жақсы сөз олардың көңілін асқақтатып, ісін өнімді етеді, ырысын молайтып, мейірімін оятады. Мұндай аналарымыз ұрпағына да ұлағатты тәрбие береді. Ал күні бойы күйеуінен зәбір көрген келіншек бірінші кезекте өкпесін өсіп келе жатқан баладан алады. Көңілі жамау әйел үйдегі баласын ұрып-соғып, санасын улайды. Үйдегі тыныштық, береке де ер азаматтың әйелге деген құрметінен басталады. Сондықтан әйелді риза қылудан ұтарымыз көп. Қыздың қалауымен санаспай алып қашу үрдісінің сақталуы, тұрмыстық зорлық- зомбылық секілді нәрселерге тыйым салуымыз керек. Түркімен еліндегідей арнайы мемлекеттік тұрғыдан сыйақы тағайындап, еліміздегі әйелдердің мәртебесін көтергеніміз жөн. Әрбір әйелді қоғам назарынан тыс қалдырмай, өзінің толықтай мемлекет қорғауында екенін сезіндіруіміз керек.

 

Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:

  • Бүгінгі күні заң, құқық тарапынан ер мен әйелдің арасында теңдік бар. Ол тұрғыда түрлі дүние жасалып та жатыр. Қыз-келіншектеріміздің сұрайтын теңдігі – ішкі, рухани, жан дүниенің теңдігі, ер азаматтардың әр істе «сенің қолыңнан келеді» деп қолдау көрсетуі. Өкінішке қарай, әйелдеріміз сол қолдауға зәру. Ерлердің санасы өзгеріп, қыз-келіншектерге танытар мәдениеті өссе әйел тау қопаруға дайын. Жұмысына да, отбасының шаруасына да, бала тәрбиесіне де қыз-келіншектер үлгереді. «Әйел қырық жанды» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Отбасын сақтауға келген кезде де осы әйелдердің төзімділігі, көнбістігі, шыдамдылығы жеңіп жатады. Әйелдің ақылы, мейірімі, санасы бәріне де жетеді.

Мекеме басшылары, жергілікті билік органдары қыздарымыздың еңбекке ұмтылысын баспай, кез келген сұрағына қолдау танытса қоғамда да өзгеріс болар еді. Оларға әлсіз әйел ретінде қарауды қойып, сұрақтарының жауабын табуға көмектессе аналардың да қоғамдағы мәртебесі артып, беделі көтеріледі. Отбасындағы берекенің орнауы, рухани теңдіктің көрініс табуы әйел мен ер азаматтың ғана емес, ұрпақтың тәрбиесіне де оң әсер етеді. Әйелге көрсетілген қолдау, күллі қоғамды өзгертуге септігін тигізері хақ. Өкінішке қарай қоғамымыз тек көп балалы әйелдерге ғана қаржылық қолдау көрсетеді. Шетелде бала емізетін аналарды жұмыстан ерте қайтару, бала күтімі бойынша демалысқа 7 айда емес, 5 айда жіберу, жәрдемақы мөлшерін үш жасқа дейін ұлғайту секілді көптеген игілікті шаралар бар. Ал бізде бәрі ауызша.   Қазақ әйелі өте шыдамды. Баласы үшін, отбасын сақтау үшін өзін құрбан етуге бар. Сондықтан олар қоғам қолдауын сезінетіндей мүмкіндік тудыру керек.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

[ratings]

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...