12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӘРБИЕДЕГІ ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Елімізде отбасы игілігі мен жарасымы жолында қызмет етіп, қоғамда тәрбие мен мейірімділіктің үлесін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттап келе жатқан органдардың бірі – Аналар кеңесі. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңестері осы жылдар ішінде қыруар жұмыстар атқарды. Солардың бірі Ақмола облысындағы ассамблеяға қарасты Аналар кеңесінің жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай.

Қазіргі таңда Ақмола облысында 104 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Олар былтыр 190-нан астам іс-шара өткізіп, оған 600-ге жуық адам қатысып, үлес қосқан. Жыл сайын әртүрлі бағыттарда жұмыстар атқаратын Аналар кеңесінің былтыр өткізген іс шарасы негізінен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» ҚХА жобасы аясында өткізілген. Ақмола облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрағасы Айнұр Жахина «біздің өткізген шараларымыз бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, былтыр жыл басында отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ата-аналарға арналған «Әкелер мен аналар» семинары өткізілді. Семинарда ата-аналарға отбасылық құндылықтарды насихаттау және оны ұстану, балаларды тәрбиелеудегі ұлттық дәстүрлер бойынша кеңестер берілді, мектептерде аналар мен әкелер кеңестерін, қыздар мен ұлдар клубтарын ашу бойынша ұсыныстар жасалды. Ана мен әкенің отбасындағы рөлі мен міндеттері талқыланды. Одан соң өткізген «Ақ орамал» челленджінің де маңызы зор шара деп айта аламын. Онда орамалдың қадір қасиеті мен аналарымыздың отбасындағы рөлін насихаттадық. Ақмола облыстық Аналар кеңесі «Асыл аналар», «Іскер әйелдер», «Шанс», «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестіктерімен және ҚХАА жанындағы СҚӨ одағымен бірлесіп Көкшетау қаласының Ана үйінде «Қырқынан шығару», «Тұсау кесер» қазақ салт-дәстүрлерін өткізді. Яғни, осы шарамыз арқылы ұлттық салт-дәстүріміздің маңыздылығын насихаттадық. «Ақ орамал – асыл аналардың аманаты» фестивалі аясында келіншектерді арнайы шақырып, әжелеріміздің аузымен орамалдың қадір-қасиеті айтылды. Тек қана осындай тәрбиелік шаралар ғана емес, ұрпағымызды зиянды әдеттерден арылту мақсатында да шаралар ұйымдастырамыз. «Отбасылық құндылықтар», «Дәріханалық нашақорлықтың таралу және қолдану қаупі туралы мәселені талқылау» атты дөңгелек үстелдер, «Сырғалым», «Дәстүрлер мұрасы – ұрпақ қазынасы» қыздар клубының қыздарымен әдеби-ағартушылық кездесулер осының айғағы» дейді. Ақмола облыстық ҚХА-ға қарасты Аналар кеңесі мерекелер кезінде де арнайы шаралар өткізіп отырады. Мәселен, Наурыз ұлттық мерекесі аясында аналар облыстық «Сәнді сәукеле мен киелі кимешек» бас киімдер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болса, отбасы күні аясында кеңестің қатысуымен «Менің жанұям – менің мемлекетім» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш дөңгелек үстелде көпбалалы отбасыларға құрмет көрсетілді. Облыстық Аналар кеңесі әрқашан уақыт сұранысы мен қоғамдағы өзекті мәселелерді ұмыт қалдырған емес. Зеренді ауданының Баратай ауылында «Баратай» Әжелер клубының ашылуы да уақыт сұранысынан туындаған қадам. Соңғы кездері қоғамымызда әкелер рөлінің төмендеп бара жатқанын ескере отырып, «Әкені қабылдаудың, қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары» атты баяндама ұйымдастырылуы осының айғағы. ҚХАА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің өкілдері өңірдегі тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмыт қалдырған емес. 15 патронат баланы тәрбиелеуге алған үлкен көпбалалы Қабылбаевтар отбасына қонаққа барып, олардың жағдайымен танысып, мәселесіне құлақ түріп отырады. Жалпы Ақмола облыстық ҚХА-ға қарасты аналар кеңесі өзінің мақсатын да, міндетін де толық орындап, ұлт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, облыс көлемінде этносаралық саладағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша да қызметін орындап келеді.

Қуаныш ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...