12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Анаға құрмет кемімесе екен

Ислам дініндегі ең көркем құндылықтың бірі – ата-анаға құрмет. «Ата-анасына жақсылық жасаған бала пайғамбарлармен бірге жәннатқа кіреді» – деген тәмсіл бар Хадисте. «Жұмақ ананың аяғының астында», «Әке сөзі – Тәңірдің сөзі» дейді тағы бір даналық. Бұның бәрі айналып келіп адамзатқа жарық дүние сыйлаған ананың қадірін білуді тәпсірлейді. Бұл киелі ұлы сөзді әркім өз жүрегінде әдемі әріптермен әдіптейді.

«Білесің бе, бұл əлемге адамдар, Ана жайлы айту үшін келеді!» – деп жырлайды ақын Ерлан Жүніс. Бұдан бірнеше жыл бұрын БАҚ бетіне жарияланған ақын Қайсар Қауымбектің  «Анам айтқан жалған сөздер» шығармасы көпшілікті тәнті етіп, ауыздан ауызға тараған. Себебі, анаға арналған шығармада өтірік болмайды, анаға арналған өлеңдер еш қоспасыз, әсірелеу­сіз. Өйткені, Ана түсінігі күллі адамзат ұғымында кіршіксіз, шексіз. Ана ұғымы осы биігінде, осы мәртебесінде  қалса дейсің, шіркін. Бірақ кейде адамзаттың негізгі өмірлік қағидасына айналуға тиіс бұндай сенімдер нақты мысалдармен аласарып жатады. Замана өзгермейді, адамдардың құндылығы ғана өзгереді. Кеше бір танысымыздың анасы «сендердің жұмыстан қолдарың тимейді, маған сол жер дұрыс» деп өз еркімен қарттар үйіне кеткенін естідік. Қатерлі ісікке шалдыққан келіншегінің науқасынан «әбден сансырап кеттік, не ары, не бері болмай» деп күрсінген жігітті көрдік. Енді бүгін екі бүйрегі бірдей істен шығып, мүгедек болып қалған келіншегін төркініне апарып тастаған отағасының жайын естідік. Бір қарағанда бұның бәрі кінәмшіл қоғамның көзге бірден ұратын келеңсіздіктері ғана болып көрінер. Әйтсе де, адамдықтың өлшемі өзгермесе керек-ті. Анаға деген көзқарас әрбірден кейін адами парыз бен қарыздың өлшемі. Яғни, ол сол ананың, жолдасының, баласының да моральдық, адами бет-бейнесінің өлшемі. Таразыға салынған аяулы сезімдер, адамның ішіндегі асыл жіптер осындай ауыр сынақтар арқылы неге үзілуге тиіс-ті?! Жүрегі жаралы ана үшін дерттің ауыры осы шығар. Адамның адамдығы да осындай үміттерді үзбей, үкілей алуында ғана. Ендеше, ізгілік, имандылық, парыз бен қарыз жайлы ойлап, жүрегіміздегі аяулы есімдерді түгендеп жүрейікші.

Ырысбек Дәбей, жазушы:
Қорғансыздың күні

Түн жарымында біраз уақыт бұрын көршіміз болған, неше жылдан бері гемодиализге тәуелді әйел­дің бақилық болғаны туралы суық хабарды естідім. Тағдыр талайы көз алдымызда өткен марқұмның қазасы жүйкені босатып, көңілге шер ұялатты. Соңында кәмелетке толмаған жалғыз қызы қалды. Жарықтықтың ғұмырын жалмап, айықпас ауруға душар еткен азапты өмірі сол қызын жарық дүниеге әкелген кезде басталған еді. Қала іргесіне көшіп келерден ілгері шалғай ауылдың бірінде тұрған бейбақ әйелді ауыл ауруханасында бұрын хирург болған «гинеколог» босандырып, бүйрегі содан бүлінген. Әйел байғұс еш жауапкершілік арқаламайтын біздің қоғамның қорғансыз құрбаны болып кете барды. Екі күннің бірінде аппаратқа таңылып, қанын сүздіретін жарымжан әйелді кім әлпештей қойсын, отбасында да көзге шыққан сүйелдей сүйкімсіз пендеге айналды. Ақыры төркініне барып тұрақтады. Қайран өмір қажыды, қаусады. Тірі кезінде (көрші болып отырған кезде) мен ол марқұм әйелмен сөйлесіп, азапты өмірін әңгімеге арқау еттім. «Көнбіс» деген әңгіме қазақша, орысша оқырманға жол тартты. Марқұм өзі де оқыды оны. Қорлық пен мазақтан сүйегі жасып, ішіне өксік пен нала бұққан бейбақ әйелдің жаралы жаны мұны да медеу тұтты. Ешкімге естілмейтін жан айқайы сыртқа шыққандай, қайырымсыз қоғамның безбүйрек бетіне бар шындығын басып айтқандай қанаттанды. Әттең, одан не қайыр?! Жауапсыз дәрігер жауапқа тартылмады, жақыны жанынан табылмады. Қорғансыз әйел көктемнің бұлыңғыр, сұр тұман шөккен сылбыраң түнінде мәңгілік сапарға аттанды. 
Ертеректе классик жазушымыз Әуезовтің «Қорғансыздың күні» секілді шығармаларын оқығанда қазақ әйелінің қасіреті, мұң-наласы өткен дәуірге ғана тән секілді сезілуші еді. Жоқ, еш өзгермеген сексист қоғамда қорғансыздың «күні» батпайды екен.

Ж.Құдайберген

Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады.

Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.

Биыл Қазақстан шегірткемен күреске қанша ақша бөледі?

Премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.

Вызов для памяти и воспитания

ДЕНЬ ПОБЕДЫ – ДАТА, ОТМЕЧАЕМАЯ С ГОРДОСТЬЮ И УВАЖЕНИЕМ К ГЕРОЯМ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ. ОДНАКО 80-ЛЕТИЕ ПОБЕДЫ ЗАПОМНИТСЯ КАЗАХСТАНЦАМ НЕ ТОЛЬКО ПАРАДОМ, ТОРЖЕСТВЕННЫМИ МОМЕНТАМИ, НО И ЧЕРЕДОЙ СКАНДАЛОВ, КОТОРЫЕ ВОЗНИКЛИ НА ФОНЕ ПРАЗДНОВАНИЯ.

“Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді.