Қамаудағы азамат ауызашар азық- түлігін әкелгендерге алғысын білдірді

ЗК-169/1 тергеу изоляторында қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты, мекемедегі ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, қамаудағы азаматтар арасында ауыз бекітіп ораза тұтқандар да бар.

Осыған орай, облыстық әкімдік пен мешіт имамдары тарапынан, оразадағы жандарға бір күндік ауыз ашар пакеттері таратылды.

Жинақталған қалтаның ішінде ыстық палау мен құрма, қатық және сусын бар.

Бүгін біз, істі болып, қылмысқа тартылған жандарға ауыз-ашар азық-түліктерін әкелдік. Ауыз бекітерден бір күн бұрын осында келіп, Рамазан айының ерекшеліктері мен ораза ұстау тәртібі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз.
Бүгін де, әр қапасқа кіріп, асыл дініміздің адамгершілік тұрғыдағы артықшылықтары жайында әңгімелеп бердік.

Жалпы мекеменің тәрбие бөлімімен бірлесе отырып өткізілетін іс-шараларымыздың басты мақсаты: адасқан жандардың өз қателіктерін түсініп, дұрыс жолға түсуіне себепкер болу.

Сондай- ақ, айтылатын имани насихаттарымыз арқылы, олардың рухани иммунитетін көтеру болып табылады — дейді, Қызылорда облыстық орталық Ақмешіт мешітінің наиб иманы Ислам Маратұлы.

Мен бұл уақытқа дейін ораза ұстап көрмедім. Бостандықта жүргенде, шыдамсыз, алып- ұшпа көңілде болатынмын. Сол қызуқандылықпен жасаған қадамымның нәтежиесінде міне, темірторда отырмын.

Ораза ұстаумен пенде бойындағы құмар мен нәпсісін тежеуді үйренеді екен.
Ал бұл өз кезегінде сауаптың мол болып, күнәлардың кешірілуіне және шайтанға қарсы тұра білуге алып келеді.

Ауыз ашар алдында, жасаған қылмысыма өкініп, алла алдағы уақытта дұрыс жолға бастасын деп дұға тілеймін.

Сонымен қатар, бүгінгі ауыз аштырған жандарға алғысымды білдіремін – дейді, ҚР ҚҚ-нің 99- бабының, 1-бөлігі бойынша айып тағылған азамат.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...