Аманатқа адал мұрағатшы

Мұрағатқа иек артқанымызбен құнды құжаттардың қолды болып кетпеуін қадағалап, көздің қарашығындай сақтап жүрген мұрағатшының еңбегін бағалай бермейтініміз рас. Мұрағатта жатқан әрбір құжатты, адамның тағдырына қатысты нағыз айғақ, сонымен қатар шешім қабылдауға негіз бола алатын баға жетпес дерек деп білсек, ал Мұрағатшы—осы құжаттарды ретке келтіріп, үмітсіз болып көрінетін құжаттардың үйінділерін сұрыптап, сақтау оның жауапкершілігіндегі іс. Солай демекші Қызылорда қалалық ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің Мұрағат ісінің тәжірибелі маманы Жагыпарова Айгүл Берікболқызын ұжым арасында беделді, адамгершілігі мол, қарапайым, бойында шығармашылық қасиеттері бар, жас мамандарға жол көрсетуден аянбайтын, ұжымның абройын көтеріп, әріптестерінің зор ықыласына бөленген қызметкер ретінде білеміз. Ия, расында
Жағыпарова Айгүл Берікболқызының жұмыстағы ұқыптылығы, құжаттармен жұмыс істеуге бейімділігі, ауқымды ақпаратты талдай алу және жүйелей алу қабілеті өте зор. Сонымен қатар оның қызметінде ана тілі, әдебиет, қоғамтану, тарих пәндерін жақсы білу, кітапхана ісін меңгеруі өте маңызды. Оның негізгі лауазымдық міндеттеріне-мұрағат ісін электронды немесе қағаз түрінде ұйымдастыру, кіріс құжаттарды қабылдау және мұрағатқа енгізу, мұрағаттық құжаттарды немесе оның көшірмелерін уақытша пайдалануға беру, сұрау түскен ұйымға мұрағаттық құжаттарды жеткізу болып табылады.
Кез келген адам мұрағатшы бола алмайды. Алдымен, білім. Екіншіден, мұрағаттық терминологияны білу шарт. Үшіншіден, құқықтық жағынан сауатты, ең бастысы, қазіргі заманға сай, компьютерлік технологияның құлағында ойнау қажет. Ал, Жағыпарова Айгулдің осындай кәсіпқойлығымен жай-жапсарға деген мұқияттылығының арқасында әрбір құжат өз орнында.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...