«AMANAT» партиясы саяси кеңесінің жаңа өкілдері сайланды

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде саяси кеңеске жаңа мүшелер – Эльдар Жұмағазиев, Мақсат Толықбай және Дәулет Мұқаев сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партия жарғысының 9-1 тармағына сәйкес саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізу партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздің қарауыңызға «AMANAT» партиясының саяси кеңесінің құрамына Эльдар Жұмағазиевті, Мақсат Толықбайды және Дәулет Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылып отыр. AMANAT партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов

Эльдар Жұмағазиев – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, саясаттанушы.

Мақсат Толықбай – журналист, тележүргізуші, «AMANAT» партиясы жанындағы «Мирас» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары.

Дәулет Мұқаев – «Дәулеттен» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық отбасы және халықты әлеуметтік қорғау қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Ұсынылған кандидаттар «AMANAT» партиясы саяси кеңесінің жаңа мүшелері ретінде бірауыздан қолдау тапты.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...