Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Amanat партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін табысты республиканың құрылысын бірге бастадық. Барлық жоспарымызды жүзеге асыратын және таңдалған жолдан бас тартпайтын көшбасшымыз бар екені маңызды. Халқымыз үшін ең қиын кезеңде барлық жауапкершілікті өз мойнына алған көшбасшы мемлекеттілікті сақтап, елді аласапыранға ұрындырмады.

Сондықтан бүгінде Amanat партиясының міндеті және сіз бен біздің тарихи жауапкершілігіміз — Президенттің прогрессив реформалары төңірегінде барлық қазақстандықты біріктіру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Съезд делегаттары мені бірауыздан қолдайды деп ойлаймын», — деді Парламент Мәжілісінің спикері — Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері, партияның саяси кеңесі мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысқан.

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...

Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагогикалық ұжыммен жаңа Конституция жобасын талқылауға...

ҚАЖ мекемесінде ЖИТС орталығының өкілімен профилактикалық кездесу өтті

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандардың ЖИТС орталығының...