«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде өткен «На языке мира» IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды. Ағайынды Данат пен Данали — Досбатыровтар әулеті үшінші ұрпағының әйгілі цирк әулетінің ізбасарлары.

         «Біздің нөмірді көрермендер, БАҚ өкілдері өте жылы қабыл алды, беделді қазылар алқасы біздің жұмысымызды, әсіресе трюктік бөлігімізді, әртістігімізді жоғары бағалады. Балалар цирк күмбезінің астында 15 метр биіктікте ең күрделі авторлық трюктерді жасайды, Данат пен Данали биыл екінші рет цирк өнерінің беделді халықаралық фестиваліне қатысуда «, — деді “Аманат» нөмірінің қоюшы-режиссері Дәулет Досбатыров.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жаиков Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері осы халықаралық цирк фестиваліне бірнеше жыл қатарынан қатысып, жоғары жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өтті.

Цирк фестиваліне Қазақстан, Вьетнам, Беларусь, Армения, Ресей, Тәжікстаннан 8-18 жас аралығындағы 150-ден астам жас әртіс қатысты. Фестивальдің қазылар алқасының құрамында танымал өнер қайраткерлері мен цирк импресариолары бар.

Бұл байқау жас таланттарға таңдаған бағыты бойынша алғашқы кәсіби қадамдарын жасауға, сондай-ақ көрермендер мен халықаралық қазылар алқасының көзайымына айналуға тамаша мүмкіндік береді. «На языке мира» халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалін РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Ресей мемлекеттік цирк компаниясы» ұйымдастырды.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...