Альварестің Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн мен гонорары айтылды

Сауль «Канело» Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз «күрделі схема» деп атаған «Канелоның» жоспары мынадай:

  • 7 мамыр — «Канелоның» жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;
  • 17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.

«Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын», — делінген хабарламада.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...