12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алты ай қашқан қашқын қамалды

Түркіс қаласында алты айдан бері сот жүктеген міндетті орындамай, қашып жүрген сотталған қамауға жіберілді. Енді ол бас бостандығынан шектеу жазасын, темір тордың арғы жағында өтейді.

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.

Ойнап жүріп от басқандар өзінің қателігін түсінсінуі үшін осыдан төрт жыл бұрын Пробация қызметі құрылды. Пробация қызметі — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.

Өзінің жасаған қателігінен сабақ алмай, заңды өрескел бұзған Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат қамауға алынды. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Өзгегенің мүлкін жымқырып, оңай жолмен пайда таппақ оймен ұрлық жасағаны үшін Бөген 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болған болатын. Түркістан қалалық сот залында ұсыным қанағаттандырылып, жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Бөген өзіне берілген осындай аз мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек.

– Пробация қызметінің қызметкерлері Түркістан қалалық ІІБ-мен бірлесіп, бұрын іздеуде жүрген сотталушыны ұстады. Сотталушы ұрлық жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация бөліміне тіркеуге келмеген. Осыдан кейін ол іздеуге жарияланды. Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысының Сауран ауданында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оны 2 жыл мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыру күтіп тұр, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мадина Жақсылықова.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзді әрбір еліміздің азаматы есте сақтау қажет. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, бірінші кезекте ата Заңымызды сонымен қатар барлық іргелес заңдарда көрсетілген талаптарды сақтап, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға өнеге және үлгі болу керек.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...