12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ҚАЛТАЛЫ» АРБИТРАЖДАРҒА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ

Осы аптада Қазақстанда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі іс жүзінде көп жағдайда бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдаланылып жатқаны туралы мәлімдеме тарады. Арнайы баспасөз мәслихатын өткізген белсенділердің сөзіне қарағанда тәуелсіз сарапшылардың пікірінше «Әділет арбитражы», «Арбитраж ЕФ», «Алматы арбитражы», «Алматы арбитраждық соты» және «Алма-Ата арбитраждық сотының» қосылма белгілері бар және өзара тікелей байланысқан.

Олардың болашақта керекті шешімге ие болатын қуыным иесімен де байланыстары бар, түптеп келгенде, бұл арбитраждар іс жүзінде белгілі бір тұлғалар тобына «қызмет көрсететін» «қалталы» төреліктер болып табылады. Әңгіме арасында қуыным жасаушылар бұл төреліктердің өздерін қолдап шығатындарын ашық айтады, ал полиция және прокуратура органдарымен арада қалыптасқан байланыс оларды тіпті күшейте түскен. Олардың кәсіпкерлерге қысым көрсету сызбасы келесідей: 1). Шарт бойынша анағұрлым күшті жақ (жалға беруші, кредитор, тапсырыс беруші) екінші тәуелді тарапқа (жалға алушы, қарыз алушы, орындаушы) төрелік ескертпені міндеттейді, онсыз шарт жасалмайды, деген дәлелдер келтіреді. 2). Тәуелді тарапқа қысым жасау үшін нақты негіздер іздестіріледі, оның ішінде – жалға алу ақысын көбейту, қарызды мерзімінен бұрын өтету. 3). Тәуелді тарап жағдайын нашарлататын шарттарды қабылдамаған жағдайда – төрелікке қуыным беріледі. 4). Төрелік шешімді өтініш берушінің пайдасына шығарады. «Атамекен» ҰКП мүшесі Роман Ботабековтің айтуынша, дәл осы арбитраждағы заңсыз әрекеттердің анықталуы – айсбергтің бір ұшы ғана, деуге болады, бүгінгі күнде бізде қалыптасқан жағдайдағы бақылаусыз «қалталы» арбитраждар заңдарды елемейді және бизнесті жою құралы ретінде қызмет етеді, басқаша айтар болсақ, «рейдерлікке» ықпал етеді.

Оның үстіне, бұл арбитраждардың көпшілігі Төрелік палатада жоқ және онда мүше болғысы да келмейді. Сонымен қатар, өкінішке орай, көп жағдайда прокуратура органдары да, соттар да бұған қарсы болғысы келмейді немесе заңнамалық шектеулерге, болмаса жеке тұлғалардың тікелей мүдделеріне байланысты оларға қарсы тұра алмайды. Басқаша айтар болсақ, біздің арбитраждарымыз заңсыз шешімдер қабылдауда мүлдем еркін және бұл үшін ешқандай жауапты емес. Отандық төреліктерге қатысты қалыптасқан қазіргі жағдайды мемлекетіміз үшін қолайсыз. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төнуде, өйткені бұл жағдай «рейдерлікке» ықпал етеді. Сондықтан құқық қорғау және қадағалау органдарын бұл мәселеге жіті назар аударып, нарықтық экономиканың негізі болып табылатын кәсіпкерлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға шақырады.
– Қазіргі жағдай қоғамның тұтас алғанда арбитраж институтына деген сенімін әлсіретеді. Шын мәнінде бұл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін бүгінде бәрі бар: арнайы заң, Арбитраждық палата және сот фильтры. Сонда не жетпейді? Тұрақты түрде жұмыс істейтін барлық төреліктерді мүше ретінде қосу арқылы Төрелік палатаның рөлі мен беделін күшейту қажет деп санаймыз. Төрешілер заңнаманы білетіндігін дәлелдеп, аттестациялаудан өтуі тиіс деп санаймыз, ол үшін профильді заңға тиісті толықтырулар енгізу қажет. Бұл мәселеде Арбитражды палатаның бастамашы болуы шарт, – дейді Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Серік Нұрлихин. Ал «NABBI» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Динара Жемекешева: «Бүкіл әлемде төрелік келіспеушіліктерді реттеудің мемлекеттік сотқа баламалы нысаны болып табылады, онда төрешілерді тараптардың өздері таңдайды, бұл ретте төрешілер бейтарап және тиісті кәсіби қасиеттерге ие. «Қалталы» арбитраждарға орай қалыптасқан қазіргі жағдай тұтас алғанда барлық арбитраждарға кері әсерін тигізеді, сәйкесінше барлық арбитраждарға деген сенімді бұзады, ал өз қызметін заңды және әділ жүргізетін арбитраждар да жоқ емес. Өкінішке орай, белгілі бір адамдарға арбитражды өз мақсаттарына жету үшін пайдалануға мүмкіндік беретіндей заңнамалық деңгейде «олқы тұстар» бар». Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың пайымдауынша, қазіргі уақытта заңдылық деңгейде бар шешілуге тиіс олқылықтар: төреліктің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптардың жоқтығы; төрешілерге қойылатын біліктілік талаптарының болмауы (заң білімінің болуы жеткілікті); мәні бойынша төреліктердің шешіміне қарсы келу мүмкіндігінің жоқтығы; төрелік шешімінің күшін жою тек процестік бұзушылықтар кезінде ғана мүмкін, содан кейін өтініш беруші сол төрелікке, сол төрешіге қайтадан қуыным беруге құқылы; билік органдары тарапынан төрелікке бақылаудың жоқтығы (төреліктер мемлекеттік органдарға есеп бермейді); заңсыз шешім шығарғаны үшін төрешілердің жауапкершілігінің болмауы; шешімдердің ашық түрде жария етілмеуі (шешімдер ашық түрде қолжетімді емес).
Сондықтан төреліктердің едәуір бөлігі теріс пайдаланушылыққа жол ашып, көлеңкеде қалып отырады. «Төрелік туралы» заңда белгіленген нормаларға қарамастан, мұндай «қалталы» төреліктер Қазақстан заңнамасын және көпшілік үшін белгіленген тәртіпті елемей, ойларына келгенді істейді – істі жүргізу қағидаларын өз бетінше белгілейді. Мысалы, екінші тараптың пікірін ескермей өз қалауы бойынша төрешілерді тағайындайды, тізілімдерді жүргізбейді, регламентті нақты бір істің мүдделеріне орай өзгерте салады, өтініш берушімен байланыс болған кезде істерді қарайды, зардап шеккен тараптың дәлелдерін қабылдамайды. Құқық қорғау органдары төрелікті теріс пайдалану туралы өтініштерді, арыздар мен шағымдарды
зейін қойып қарауы керек. Былтырғы жылдың соңында БАҚ-да «Әділет» халықаралық төрелік сотына» сот өкілеттігінің заңсыз берілгендігі туралы, сондай-ақ прокуратура органдарының оның заңсыз шешімдерінің күшін жою және осы төрелікті мәжбүрлеп тарату арқылы қызметіне тойтарыс бергендігі жөнінде ақпарат шыққан болатын.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
«Заң газеті»

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...