Алматылық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты

Алматыда «Qamqor Charity» ҚҚ волонтерлері демалыс күндері қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шәй мен тіскебасар таратты.

–  Қаланың тазалығын сақтайтын  қызметкерлер таң атқаннен кешке дейін күннің ыстық, суығына қарамай жұмыс жасайды. Сол үшін біз демалыс күндерін өзімізге және қоғамға пайдамыз тисін деген ниетпен осындай акция ұйымдастырдық.  Қызметкерлердің еңбектерін елеп, бір сәтке болсын қуантқымыз келді, — дейді жастар.

Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер белсенді жастарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді

–  Күн суықта кішкене денемізді жылытып,  көңілімізді көтеріп кетіп жатқан волонтерларға көп рақмет айтамыз. Осының өзі күш береді, — деді қызметкерлердің бірі.

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық акциясы қаламызда тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...