12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматылық журналистер еліміздегі бірегей мекеменің жұмысымен танысты

 Бүгін еліміздің ең бай гербарий қоры мен заманауи жабдықтармен жабдықталған агрохимиялық зертхананы алматылық журналистер мен блогерлер тамашалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы -Агрохимиялық, топырақты зерттеу және кешенді–іздестіру жұмыстары департаменті БАҚ өкілдері үшін 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

Турға қатысушылар мекеменің көрме залында 60 жылдан астам уақыт бойы жиналған мұрағаттық материалдармен танысты. Сондай-ақ, журналистердің назарына Департаменттің бай гербарий қоры ұсынылды, онда жапырақтардың 10 мың түрі және өсімдіктердің 3 мың түрі сақталған. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері заманауи агрохимиялық зертханаға барды.

«Қазіргі уақытта біздің мамандар далалық жұмыстарды пысықтап, камералдық жұмыстарды және электрондық карталарды жасаумен айналысуда. Алты ауылдық округте 690 мың гектар алқапта топырақ іздестіру бойынша электрондық карталар жасалып, МҚІСА-ға біріктірілетін болады. Бұдан басқа (2020 жылдың 9 айында) Жамбыл облысының Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында – 500,0 мың га. жұмыстар аяқталды. 300-ден аса шаруа қожалықтарын паспорттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3100,0 мың гектар алаңға  геоботаникалық зерттеу  жүргізіліп, енді оның электрондық геоботаникалық карталары жасалуда», — дейді Департамент директоры   Болат Жылқыбеков.

Департамент 2020 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында 690 мың га алқапта топырақ зерттеу, 670 мың га жуық алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитировкасын анықтау, 400 мың га алқапта жер мониторингі бойынша жұмыс ұйымдастырды, 690 мың га жерге арналған электрондық топырақ картасы жасалды.

«Біздің мамандардың еңбегі жоғары бағаға лайық. Биыл әр бригаданың құрамында 4 адам бар 10 далалық бригада құрылып, жұмыс істеді. Әрбір тексеру бригадасы орта есеппен 75 мың гектар жайылым мен шабындықты игерген. Бір шабу алаңы 1,7 гектарды сипаттайды, рельефке және түрлерге байланысты олар көп болуы да мүмкін. Күніне орта есеппен 1,9 гектар жерге зерттеу жүргізіліп отырды», — деп түйіндеді Жылқыбеков.

Анықтама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы – Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті — жерге орналастыру жұмыстарын, жердің жай-күйіндегі өзгерістерді анықтау, өзгерістерге талдау жүргізіп, баға беру, болжам жасау және жағымсыз сипаттағы барлық үдерістердің салдарын жою үшін ұсыныстар жасау, мемлекеттік жер ресурстарының, қоршаған ортаның жай күйіне қатысты қажетті ақпаратты халыққа жеткізу, сондай-ақ, жобалау-іздестіру, топырақты зерттеу, геоботаникалық жұмыстарды жүргізіп, электрондық карталарын жасайды.

Депаратаменттің тарихы 1959 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты,жерге орналастыру қызметін бекіту және күшейту үшін Алматы қаласында Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында облыстық бөлімшелері бар (филиалы және экспедициялар) жерге орналастыру, зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын орындау жөніндегі «Қазгипрожер» мемлекеттік жобалау институты ашылуынан бастау алады.

1994 жылы «Қазгипрожер» институты өдірістік бөлімшелері мен «Ақмолагипрожер» жобалау институты Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО) РМК болып қайта құрылды.

(ЖерҒӨО) РМК орталығының Астана қаласына ауыстырылуына байланысты 2005 жыл (ЖерҒӨО) РМК Алматы филиалы құрылды.

2016 жылы ҚР Үкіметінің №39 қаулысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» агрохимиялық, топырақ зерттеу және жер кадастрлық жұмыстар бойынша департаменті болып қызметін жалғастырды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2016 жылғы 29 маусымдағы №01-04-04/119 бұйрығына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамының екі филиалының бірігуі нәтижесінде және «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құруға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы — Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті құрылды.

Департамент «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ («ҚМГИ» АҚ), «Қазақ Мұнай және Газ Тасымалдау Институты» ЖШС, («ҚМГТИ» ЖШС), «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАҚ ЖАҚ, «ҚазМұнайгаз» БӨ АҚ, «Бейнеу-Шымкент Газқұбыры» ЖШС, «АГҚ» — Азия Газқұбыры» ЖШС, «МГҚК» «ҚазҚұрылыс Сервис» АҚ,«Теңізшевройл» ЖШС және басқа ірі компаниялармен өдірістік қарым-қатынас орнатқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы филиалы.

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...