Алматылық нейрохирургтер омыртқаға шағын инвазивті әдіспен бірегей ота жасады

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері 37 жастағы пациенттің омыртқасындағы жарықты алып тастады. Жоғары технологиялық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.
Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, науқастың бел омыртқадағы остеохандроз бен жарықтың зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Бұлшық еттердің семуі салдарынан сол аяғын баса алмай қалыпты.
Жарықтың мұндай түрі омыртқа құрылымының бір бөлігін алып тастауды қажет ететіндіктен әдетте ауыр ота жасалады. Осы жолы мамандар ақылдаса келе емнің мейлінше жеңіл әрі ең тиімді шағын инвазивті тәсілін таңдады. Бұл әдіс кеуде-бел омыртқа тұсында қысылып тұрған жұлын құрылымын толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


«Операция жұмсақ тіндердерді кеспей, тубустық кеңейткіш арқылы жасалды. Мұндай хирургиялық операция біздің стационарда тұңғыш рет жасалып отыр. Винттер тері арқылы енгізілді. Операция барысында омыртқа арасына жасанды диск орнатылды. Үш сағатқа созылған ота сәтті аяқталды», — деді Марат Алматов
Жаңа технологиялардың көмегімен жасалатын заманауи емдеу әдісі арқылы операция уақытын қысқартып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, пациент отадан кейін көп ұзамай аяққа тұрады, дейді маман.
Қазір пациент ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
«Кейінгі кезде өз аяғыммен жүруден күдер үзе бастаған едім. Мүгедек арбаға таңылдым. Қазір өзім жүріп-тұрамын. Айығып келе жатырмын, ауырсыну сезімінен арылдым. Нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», — деді пациент.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...