Алматылық кардиохирургтер сирек кездесетін ақаумен туған 4 жасар қызға күрделі ота жасады

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында сирек кездесетін ақаумен туған 4 жасар қыздың жүрегіне күрделі ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды Перинатология орталығының баспасөз қызметі.
Кішкентай пациент туабітті жүрек ақауымен дүниеге келген. Туылған кезде бірден қос қолқа доғасына ота жасалған.

Осы жолы оған сирек кездесетін Лобри-Пецци синдромы бойынша екінші рет хиругиялық операция жасау қажет болды.

«Ота кезінде жүректің көлемі едәуір үлкейіп, кеңейіп кеткені белгілі болды. Операция барысында жүрек тоқтатылып, жасанды қан айналым аппараты пайдаланылды», — дейді кардиохирург Абай Сұртай.

Дәрігердің айтуынша, аорта қақпағына жақын орналасқан ақауды түзету аса қиынға соққан. Дегенмен ота сәтті өтті, қазір бүлдіршін бөлімшеге ауыстырылды, дейді маман.

Естеріңізге сала кетсек, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында МӘМС пакетіне кіретін жоғары технологиялық оталардың жүрек алмастырудан басқа барлық түрлері жасалады. Жыл басынан бері орталық кардиологтары 100-ден астам операция жасалған. Олардың арасында бір жасқа толмаған 55 сәби де бар.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...