Алматылық интервенциондық хирургтар жүректің ишемиялық ауруын емдеудің жаңа әдістерін меңгерді

Алматылық интервенциондық хирургтар жүректің ишемиялық ауруын емдеудің жаңа әдістерін меңгерді
Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада жүректің созылмалы ишемиялық ауруы мен жіті коронарлық синдромға шалдыққан пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен заманауи инвазивті тәсілмен ота жасалды. Соңғы кезде оперативтік ем саласында жиі қолданылып жүрген тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу және фракциондық резерв тәсілдері Қалқаман ауруханасында алғаш рет қолданысқа енгізілді. Шеберлік класына Астана мен Тараздан келген дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды ҚКА баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, 55 жастағы пациент мұнда жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия диагнозымен түскен. Ауруханаға жеткізілген кезде кеуде мен жүрек тұсының қысылатынын және ашып ауыратынын, содан соң сол қолға берілетінін айтып шағымданған. Сонымен қатар жүрегі айнып, басы айналып, ентігіп қалатын болған.
«Алдымен біз фракциондық резерв әдісін (FFR) пайдалана отырып тамыр ішіндегі қысымды өлшедік. FFR нәтижесі тамырдың болмашы ғана тарылғанын көрсетіп берді. Стенттеуге деген қажеттілік жоқ деген шешім қабылданды. Содан соң ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен тамырдың ішін тексердік. Нәтижесінде жүрек қарыншасының алдыңғы бөлігіндегі күретамыр қабырғасында түйіншік бары анықталды. Пациенттің жүрегіне стент орнату қажет болды. Стент қойылғаннан кейін науқас бірден кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», — деді Интервенциондық хирургия бөлімшесі меңгерушісі Сәкен Анартаев.

Тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу – коронарлық артериялар мен өзге де қан тамырларының жай-күйін тексеру мақсатында жасалатын диагностика түрі. Тамыр ішін зерттеу диагностикалық және терапевтік диагноздарды нақтылау мақсатында жасалады. Арнайы құрылғы тамырдың ішіндегі өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді.

Фракциондық резерв көбіне коронарография кезінде немесе операциядан кейін миокард ишемиясы қаупінің алдын алу мақсатында жасалады. Ол орнатылған стенттің қаншалықты дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіп, емдеу тактикасын айқындауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, бұл процедуралардың бәрі де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалады.

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...

Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның Жобалық...

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...