Алматылық дәрігерлер тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан 9 балаға күрделі микрохирургиялық операция жасады

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында ресейлік микрохирург Андрей Вайтингердің қатысуымен екі күндік шеберлік класы өтті. Шара барысында пациенттер білікті дәрігерлерлерден консультация алды, мукополисахаридоз ауруымен ауыратын 9 балаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен операция жасалды. Бірегей күрделі оталарды ресейлік маманмен бірге аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин мен балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова жасады.

«Операциялардың бәрі шағын инвазивті әдіспен жасалды. Арнайы құралдардың көмегімен жасалған хирургиялық манипуляция саусақтардың қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірегей операцияларды жасау арқылы біз де алдағы уақытта кәдеге жарайтын үлкен тәжірибе жинақтадық», — деді Ерлан Садырбалин.

Мукополисахаридоз (МПС) – ағзада гликозаминогликандардың жинақталуы салдарынан болатын тұқым қуалайтын ауру. Дәнекер тіндерді зақымдайтын дерт салдарынан жүйке жүйесі, көзі, ішкі органдары мен қимыл-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылады. МПС әлемде 100 мың адамның 50-інде кездесетін сирек (орфандық) ауру.

Қолдың басы мен жүйке жүйесінде туабітті және жүре пайда болатын сырқаттарды емдеуге бағытталған шеберлік класы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы және «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Естеріңізге сала кетсек, операциялар МӘМС пакеті арқылы қаржыландырылды. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...