Алматылық дәрігерлер омыртқаға күрделі ота жасады

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен 45 жастағы әйел белі мен сегізкөзі қатты ауыратынын айтып шағымданған. Айтуынша, бел омыртқасының ауырып жүргеніне 2 жыл болыпты, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.
Дәрігерлер оны тездетіп аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады. Тексеру барысында бел омыртқаның (L3) оң жағында экстрадуралды ісік бары анықталды.
«Экстрадуралды ісік жұлын сыртындағы қатты қабықтан тысқары жерде пайда болады. Кейде ісіктің бұл түрі омыртқалардың арасындағы тесік арқылы да таралуы мүмкін. Оның таралу аумағы мен жылдамдығы ісіктің түріне байланысты әртүрлі болады. Бұл жолы пациенттің омыртқасындағы ісікті тез арада алып тастау қажет болды», — дейді Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.
Мамандар нейромониторинг әдісін пайдалана отырып, ісікті хирургиялық ультрадыбыстық аспиратордың көмегімен кесіп алып тастады. 3 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.
Операция сәтті өтті, қазір пациенттің жағдайы жақсы, хирургиялық манипуляциядан кейін жүйке жүйесінде ешқандай ауытқушылық пайда болған жоқ.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай ісіктер ағзадағы ақаулар мен өзгерістерге, қоршаған ортадағы жағымсыз факторлардың организмге кері әсеріне байланысты туындайды. Сонымен қатар мамандар оның тұқым қуалайтынын да жоққа шығармайды.
Ауру белгілері де ісіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады. Көбіне бел омыртқа тұсы отырғанда да, жатқанда да ауырады, кейде ауырсыну сезімі арқаға, аяқ пен қолға беріледі. Ісік болуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда невропатологтар магнитті-резонанстық немесе компьютерлік томографияға, кей жағдайда биопсияға жолдама береді.

Дихан Қамзабекұлы: «Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру 3,6 есе өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бір айдан соң Қазақстан Тәуелсіздігінің...

№68 мекемесінде «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы мен мәдени...