Алматылық дәрігерлер аневризмге шалдыққан тамырдың үзілуі салдарынан миына қан құйылған әйелді аман алып қалды

65 жастағы әйел Орталық қалалық клиникалық ауруханаға аневризмге шалдыққан тамыр үзіліп, миына қан құйылды деген диагнозбен шұғыл түрде жеткізілген.
Компьютерлік томография нәтижесінде оған: Алдыңғы байланыс артериясындағы аневризма үзіліп, миына субарахноидальды тип бойынша қан құйылды деген диагноз қойылды.

Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде, заманауи үлгідегі бипланды ангиографиялық қондырғыда жасалды. Операцияны нейрохирург-дәрігер Рауан Қастей жасады.

«Операция шағын инвазивті тәсілмен жасалды. Бұл пациенттің тез сауығып, қалыпты өмірге араласуына мүмкіндік береді. Сандағы күретамырды бойлай отырып, ішкі ұйқы артериясы арқылы микрокатетер жіберілді. Микрокатетердің ұшы аневризм салдарынан кеңейіп кеткен тамырға кірген кезде ішіндегі микроспираль босатылып, ауру тамырға орнығады. Егер аневризм қапшығы үлкен болса осындай бірнеше спираль жіберіледі. Бұл қан тамырының жарылу қаупінің алдын алады», — дейді дәрігер.

Қазір кеңейген тамырдың қайта жарылу қаупі сейілді, ота сәтті өтті.
Мамандардың айтуынша, бұл өте күрделі операция. Бірақ отадан кейінгі күтімнің жөні бөлек. Пациент екі апта бойы қажетті ем-дом мен дәрі-дәрмектерді қабылдады.

«Пациенттің жағдайы жақсы, ертең ауруханадан шығады», — деді Рауан Қастей.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...