Алматылық ару алты грамм есірткімен ұсталды

Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 23 маусым күні Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора — 2022» жедел — профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі заттарын Алматы қаласынан Қызылорда қаласына тасымалдаушы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын «мефедрон» препараты болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Қазіргі таңда күдікті 20 жастағы азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...