Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Алматыда белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласының көрнекті өкілдері алдағы референдумға қатысты өз ұстанымын білдіріп, оны ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалады. Олардың пікірінше, бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең. 

https://www.instagram.com/reel/DVWGQrTjKOX/?igsh=amFuOTB3NjU0ejA0

Мәселен, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев адам құқығының үстемдігі мемлекеттің құқықтық негізін нығайтатынын атап өтті. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин құжаттың стратегиялық маңызына тоқталды.

Алматы зиялылары ұсынылып отырған өзгерістердің әлеуметтік сипатына ерекше назар аударды. Олардың айтуынша, құжат мазмұны жағынан түсінікті болып, адам мүддесіне жақындай түскен.

«Жаңа Конституциямыздың әлеуметтік бағыты айқындалып, ол халыққа жақындай түсті», – деді Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтты.

«Ерекше атап өтетін жайт – Конституция тұңғыш рет мемлекеттік тілде жазылды», – деді ол.

Алдағы референдумның маңызын өнер қайраткерлері де ерекше атап өтті. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева азаматтарды дауыс беруге қатысуға шақырды.

«15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауыңызды жасаңыздар», – деді әнші.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының негізгі тұстарына қатысты Жан Байжанбаев, Гүлнар Досматова, Азамат Сатыбалды, Қарагөз Сүлейменова, Шынар Асқарова, Назым Қызайбай, Тәуекел Мүсілім және басқа да танымал тұлғалар пікір білдірді.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...