12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту: құрылыс қашан басталады?

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Тілендиев көшесін ұзарту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматыдағы Тілендиев көшесін халық тығыз орналасқан Өжет шағынауданы арқылы ұзарту жобасы бекітіліп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Өжет шағынауданының тұрғындары Тілендиев көшесі өтуі тиіс орыннан үйлерін бұзуға қарсы болған.

«Жұмыс жобасы Алматы қаласын дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында көзделген қала құрылысы және урбанистика басқармасы берген қызыл сызықтарға сәйкес әзірленді. Осыған байланысты жұмыс жобасы өзгерген жоқ», — деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

Бұған дейін Өжет тұрғындары Тілендиевті Мұғалжар көшесі арқылы салуды ұсынған болатын. Олардың айтуынша, бұл мемлекет бюджетіне арзанға түседі және сүрілетін үйлер аз болады.

«Мұғалжар көшесі арқылы тұрғындар ұсынған нұсқа ұтымды емес, өйткені Тілендиев көшесінің бойында Ащыбұлақ және Тереңқара өзендерінің арналары орналасқан, осыған байланысты су қорғау аймақтарын қарастыру қажет. Бұдан басқа, аталған жер телімі Алматы облысының аумағында орналасқан», — деп толықтырды мемлекеттік орган.

Құрылыстың басталуы бюджет қаражаты бөлінген жағдайда 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлады Алматы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы.

Заңсыз активтерден қайтқан ақшаға қай аймақтарда нысандар салынады?

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде жұмысын жалғастырып келеді. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.

1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды?

2024 жылда 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 142,7 мың этникалық қазақ оралды.

Эффективное взыскание алиментов

Проблема неуплаты алиментов в Казахстане давно перестала быть просто юридической. Она превратилась в глубокую рану в социальной ткани, затрагивающую жизни тысяч детей, отрицательно влияющую на их будущее и подрывающую самые основы семейных ценностей.

Реализуя поручения Президента

Премьер-министр Олжас Бектенов провел рабочее совещание с участием отдельных министров и акимов регионов, руководства НУХ «Байтерек», АО «Банк развития Казахстана», НПП «Атамекен», а также представителей бизнеса по ряду отраслей.

Қазақстанда асыраушысынан айырылған қанша адам бар?

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге жұмсалды.