Алматыдағы сауда базарларының бірінде өрт шықты

Алматыда сауда базарларының бірінде өрт шығып, екі қабатты төрт бутик өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Жетісу ауданындағы базарлардың бірінде екі деңгейлі төрт пластиктен жасалған бутиктер өртенді.

«Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіруге бес оқпан берді. Автоцистерналарды жақын орналасқан өрт гидранттарына орнатып, судың үзіліссіз берілуін ұйымдастырды. Өртсөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 34 минутта 150 шаршы метр алаңда сөндірілді», — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.