Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

«Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан аса жүк көлігі кіретінін көрсетті», — деп жазды мегаполис әкімі.

Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...