12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда заңсыз қаруды тәркілеуге арналған операция жүріп жатыр

Алматыда 7 ақпаннан бастап заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеуге арналған «Қару» іс-шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала полициясының басшысы Қанат Таймерденов іс-шараның мақсаты жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және оны ашу екенін айтты.

«Алматы полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. «Қару» жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қаруларды заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесі бар-жоғы және оның қолданысы тексерілетінін айтты.

«Алматы полициясында қару қабылдау науқаны өтіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға оны өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырғандардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», — деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

Казахстан: Кардинальные перемены в борьбе с пытками и защите прав человека

Право каждого человека на защиту от пыток и жестокого...

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...