Алматыдағы Тергеу изоляторында жазалы әйелдерге арналған мерекелік кеш өтті

Халықаралық Әйелдер мейрамы Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесіндегі (тергеу изоляторы) шаруашылық қызметтегі сотталғандар арасында да жыл сайын көтеріңкі көңіл-күймен атап өтіледі.
Биыл да шаруашылық қызмет жасағының ер-азаматтары өздерімен бірдей жазаларын өтеп жүрген әйелдерге арнап көңілді кеш ұйымдастырды.
Мерекелік салтанат алдында сотталғандар жасақтағы қыз-келіншектерді сазды әуен салтанатымен қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды. Жігіттердің сотталған әйелдерге ғана емес, өздерінің аналары мен қарындастарына, жарларына арнап салған әндері мен жүректен шыққан арнау өлеңдері кешке қатысушыларды үлкен әсерге бөледі.
Жазалы азаматтар сондай-ақ, салтанатты кеш қонақтарын мерекелік дастарханға шақырып, ілтипат көрсетті. ЛА-155/18 мекемесінің Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеште аталған бөлімнің бастығы әділет майоры К.Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, темір тордың ар жағында жүрсе де, аналар мен арулар мерекесінде азаматтық танытып, мерекеге қатысқан белсенді сотталғандарға алғыс білдірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...