Алматыдағы тәртіпсіздіктер: зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіледі?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер мен бүлік салдарынан 1600-ге жуық кәсіпкер зардап шеккен. Келтірілген шығын сомасы 67 миллиард теңгеге бағаланады. Оның 95 пайызы — шағын және орта бизнес. Шығын сомасы 43 миллиард теңге көлемінде болады.

Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет комиссиясы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жобасын әзірлеген. Алайда қосымша қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетілетіні де айтылды.

«Зардап шеккен ШОБ субъектілерін үш айға дейін коммуналды шығындардан босатамыз. ШОБ субъектілерін коммуналды нысандар бойынша жалға беруден алты ай мерзімге босатамыз. Жеке меншік жалға берушілермен, әсіресе, сауда орталықтарымен зардап шеккен кәсіпке жеңілдік көрсету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы меншік иелерінің көпшілігі үндеуімізді қолдады. Silkway, «Пассаж» СО, ЦУМ және Moskva зардап шеккендерді төлемнен босатуға дайын екенін растады. Басқаларымен жұмыс жалғасып жатыр», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Әкімдік өкілі зардап шеккен кәсіптің коммуналды шығындары жергілікті бюджет есебінен төленетінін айтты. Ал жалға алу бойынша мәселелер жалға алушыға келтірілген залал мөлшеріне байланысты жеке шешіледі. Бұл жеңілдік көрсетілетін белгілі бір кезең бола ма немесе жалдаудан толық босатыла ма және қай кезеңге деген мәселелер қарастырылатыны айтылды. 

Сондай-ақ, Алматы әкімі зардап шеккен кәсіпкерлерге «Алматы» ӘКК-нің кепілдігімен немесе ішінара кепілдігімен жылдық 2 пайызбен айналым қаражатын толықтыруға 10 миллион теңгеге дейін несие берілетінін айтты.

«Бұдан басқа, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша негізгі қарызды өтеуді шегеру, сондай-ақ «Алматы финанс» және Алматы МҚҰ алдында айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату ұсынылады. Қаланың барлық кәсіпкерін қолдау үшін несие берудің жоғары мерзімін жарты жылға ұлғайту қарастырылды және кепілсіз несие беру бойынша мөлшерлеме 12-ден 9 пайызға дейін төмендетілді», — деді ол.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.