Алматыдағы мектептерде кроссовка киюге тыйым салынбайды — Білім басқармасы басшысы

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматы мектептеріндегі оқушылардың формасы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының кейбір мектептерінде оқушыларға кроссовка киюге рұқсат берілмейді.

Алайда Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, мектеп оқушыларына кроссовка мен мокасин киюге тыйым салынбайды.

«Мектеп формасы стандарттарында аяқкиім көрсетілмеген. Баланың ата-анасының таңдауына байланысты: егер кроссовка ыңғайлы болса, классикалық стильде, мокасин, кроссовка немесе туфли — мұны ата-ананың өзі анықтайды. Аяқкиімге мұндай нақты талап жоқ», — дейді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Жылқыбаеваның айтуынша, оқушылардың мектеп формасы қою көк түсті болуы керек.

«Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талап 2016 жылы білім министрінің бұйрығы бойынша бекітілді, мектеп формасына қатысты ұсыныстар пандемияға дейін де болған. Иә, пандемияның екі жылында еркін формаға рұқсат бердік, бірақ биылдан бастап оқу процесі толығымен оффлайн режимде, мектеп формасына қойылатын талаптар орындалады. Алматы қаласында мектеп формасының түсі — қою көк», — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол мектеп басшылығы ата-аналарды белгілі бір өндірушілер мен жеткізушілерден мектеп формасын сатып алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ екенін айтты.

«Яғни, егер мектеп формасы ұсынылған бірыңғай стандарт пен түске сәйкес келсе, ата-ананың оны кез келген жерден сатып алуға құқығы бар. Мектептің нақты өндірушіні немесе оқушы киімін жеткізушіні анықтауға құқығы жоқ», — деді Ләззат Жылқыбаева.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...