12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыдағы крематорийдің ашылуы кейінге шегерілді

Алматыда крематорий құрылысының мерзімі бағаның өсуіне және сметаны өзгерту қажеттілігіне байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматыдағы крематорий құрылысы трансформаторлық қосалқы станса мен газ құбырының трассасын орнатуды қоспағанда 80 пайызға орындалған.

«2021 жылдың екінші тоқсанында бағаның серпінді өсуіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңіне трансформаторлық қосалқы станцияның сметалық құны өзгерді. Газ құбырының бағыты мен жалғау нүктесі де өзгертілді. Осыған байланысты Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне өтініш жолданып, жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге келісім алынды. Жобалау ұйымы жобаны түзету жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет комиссиясының қарауына ұсыну үшін құжаттар дайындалды. Ол бекітілгеннен кейін «Мемсараптама» РМК-дан оң қорытынды алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты нысанды ашып, пайдалануға беру кейінге шегеріліп отыр. Болжамды мерзім — 2023 жылдың бірінші тоқсаны», — делінген хабарламада.

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...