Алматыдағы крематорий құрылысына қанша қаражат бөлінді

Алматы әкімдігі крематорий құрылысына қанша қаражат бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілі атап өткендей, «крематорийдің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды».

Мемлекеттен 1 527 670 000 теңге қаржы бөлінді (республикалық бюджеттен 1 212 866 000 теңге, жергілікті бюджеттен 314 806 000 теңге). Бүгінде сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы әкімдігі Zakon.kz сайты жолдаған сауалға берген жауабында.

Ведомствода атап өткендей, Патологоанатомиялық бюроның жанынан құрылған, Алатау ауданы, Ақын Сара көшесіндегі ЖЭС-2-нің шығысына қарай орланасқан крематорийді 2022 жылдың мамырында іске қосу жоспарланған.

Қазіргі уақытта крематорийдің жұмыс істеу тәртібі мен қайтыс болғандарды кремацияға қабылдау ережелері әзірленіп жатыр. Сыртқы инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін нысанды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты пайдаланушы ұйымға өткізу-қабылдау рәсімдері басталады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2020 жылдың маусым айында Алматыда крематорий салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Көп ұзамай жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталды.

Кейін Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев крематорий құрылысын аяқтау 2021 жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын хабарлады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.