Алматыдағы аяз: 54 жылдық рекорд жаңарды

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.

«Минимум температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус.

Сонымен қатар, «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды», — дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...