Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына сақтандыру шеңберінде ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері қазақстандықтар семіздікті емдеуге арналған қымбат операцияларды жасатуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, аурухана дәрігерлері 26-27-сәуірде семіздіктен зардап шегетін 4 пациентке лапароскопиялық бариатрия жасады.
Солардың бірі – 40 жастағы әйел. Жылдар бойғы күрес нәтиже бермеген соң ота жасатуға бел буған. Семіздік салдарынан салмағы 103 келіге жетіпті. Сәтті жасалған отадан кейін әйел бірден №2 хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір пациенттің жағдайы бір қалыпты, өз бетінше жүріп-тұрады.
«Лапароскопиялық бариатрия – артық салмақты реттеп, семіздік салдарынан болатын артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сынды ілеспе дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Отаның бұл түрі біздің клиникада 2019 жылдан бері жасалып келеді. Бірлескен отаны аурухананың хирургия бөлімі меңгерушісі Мұса Сахипов пен белгілі хиррг Орал Оспанов жасап жүр», – делінген хабарламада.
Дәрігер Мұса Сахиповтың айтуынша, ота адамның жасына, қосымша аурулары мен зат алмасу процесіндегі ерекшеліктерге қарай жасалады. Манипуляциядан кейін пациент шамамен 15-тен 80 келіге дейін салмақ тастайды.

Мамандар дерегіне сүйенсек, отадан кейін жалғанған ішектердің жүрмеуі, анастомозда жара пайда болуы сынды асқынулар саны азаяды. Сонымен қатар операция ұзақтығы, ауруханада жату мерзімі де азаяды. Заманауи қондырғылар пациенттің тез арада аяққа тұруына мүмкіндік береді.
Көрсетілімдерге байланысты және жоспарлы түрде жасалатын отаның құны шамамен 600 мың теңге. Жоғары технологиялы ота ақысы МӘМС пакеті арқылы төленеді, бірақ пациент операцияға қажетті бір реттік материалдарды өзі сатып алады.
Мамандар дерегінше, артық салмақ атеросклероз, гипертония, инфаркт, инсульт, қант диабеті, асқазан-ішек ақауы, артрит, репродуктивтік жүйе қызметінің бұзылуы сынды ауруларға әкеп соқтырады. Хирургиялық ота жасау туралы шешім дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген күрделі жағдайларда ғана қабылданады.
Қазіргі таңда семіздік әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегінше, ел халқының 20% астамы семіздікке шалдыққан.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...